Ғасыр жасаған актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова Мағжанның поэзиясын ерекше сүйді. 100 жасқа таяған шағында да 40-тан аса өлеңін мүдірместен жатқа оқып отыратын. Сондай бір шабыт үстінде актриса ақын өмірі жайлы мөлтек сырды баяндап беріп еді. Ол сыр Мағжанға муза болған ару Гүлсім ханым хақында болатын.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, EQ
Иә, ақын поэзиясына бойлаған адамның Мағжанның Гүлсім есімді қызға ғашық болғанын аңғармауы мүмкін емес. Мағжандай сұңғыла сезім иесінің жүрегіне шоқ салған сұлудың өмір дерегі және ақын екеуінің арасындағы махаббат хикаясы жайындағы актрисаның толғанысын таспаға ғана жазып қалдырмай, санымызға тоқып алып едік сонда.
Гүлсім Кемалова – татар қызы. 1914 жылы Петербургтегі ақсүйек қыздардың педагогикалық институтын бітірген. Бірінші дүниежүзілік соғысқа «шафқатлық тәтесі» (медбике) болып қатысқан. Елге қайтқан соң әкесі башқұрт азаматы Мичуринге қосады. Қызылжарға мұғалім болып келген сұлу келіншекке деген ақын сезімі ең алғаш «Гүлсім ханымға» деген өлеңінде бедерленеді. Өлең тарихы мынадай: 1920 жылы Омбыдан Қызылжарға көшіп келген мұғалімдер курсында Мағжан әрі директор, әрі мұғалім болып қызмет етеді. Сол кезде Башқұртстаннан Мичурин деген ауқатты кісі жақында ғана үйленген Гүлсім есімді жас әйелімен көшіп келеді. Келе сала Гүлсім бірден Мағжан басқаратын курсқа математикадан сабақ беретін мұғалім болып орналасады.
Гүлсім келген күннен бастап асқан сұлулығымен, оның үстіне ерекше тәкаппар мінезімен жұрттың көңілін өзіне аударады. Ол ешкімге сәлем де бермей, берген сәлемді де алмай, тіп-тік кіріп, тіп-тік шығып кетеді екен. Бір күні Мағжан оқытушылар бөлмесіне кіріп келсе, Гүлсім үстелдің жанында жалғыз өзі отырады. Сырттан енген ақынға селт етіп қарамайды да. Мағжан Гүлсімге қарама-қарсы отыра қалады. Бірдеңе айтқысы келіп оңтайлана бергенде, үй сыпырушы татар әйел кіріп келіп: «Гүлсім ханым, сізді телефонға шақырады», – дейді. Гүлсім шығып кетеді. Мағжан үстелдің үстінде қалып қойған Гүлсімнің қалың дәптерін көреді. Дәптерді алады да, оның бір бетіне табан астында шығарып «Бота көз, сиқырлы сөз Гүлсім ханым» деп басталатын 8 жол өлеңді жазады. Сәлден соң Гүлсім бөлмеге қайтып кіріп: «Мағжан мырза, мені қожам шақырып жатыр, рұқсат етсеңіз қайтайын?» деп келісімін алып үйіне қайтады. Ертеңінде Мағжан басқа мұғалімдермен дәлізде келе жатса, ғимаратқа Гүлсім кіріп, топқа қарама-қарсы жүреді. Әдетте жан адаммен тілдеспейтін, сәлем бермейтін паң Гүлсім: «Сәлеметсіз бе, құрметті Мағжан мырза?!» деп қастарынан өте шығады. Сол күні сабақ біткеннен кейін Мағжан Гүлсімге келіп: «Гүлсім ханым, сізді орта жолға дейін шығарып салуға бола ма?» деп сұрайды. Сонда сұлу: «Жоқ, мырза, орта жолға дейін емес, жолдың аяғына дейін шығарып салуыңызға болады!» – деп жауап береді.
Кейіннен Гүлсім Мағжанға былай деп хат жазады:
Жүрәклар тәңірісі отлы!
Көзіңнің шағласын меннан.
Көшір бір өзге алгулға,
Сиқырлы йылдызым, тездан!
Әйелінің Мағжанмен қарым-қатынасын сезген Мичурин Қызылжардан көшіп кетеді. Ол, тіпті Мағжанды өлтірмекші де болады.
Гүлсім ханым кетіп қалған соң:
Білдім: бүгін мені тастап кетесің,
Күміс көбік Ақ Еділден өтесің.
Бота көзім, өлтіріп кет қолыңнан!
Тірі тастап кетіп мені нетесің?!.
– деп сезім сергелдеңіне түскен ақын «Кетіпсің Қызылжардан, ханым Гүлсім», «Айырылғанда», «Гүлсімге», «Г...ге», «Тірілдім», «Сүй, жан сәулем» деген сынды бір топ өлеңдер циклын жазады. Бұл деректерге кейін сөз зергерінің кітабын құрастырушы Х.Абдуллин мен Б.Дәрімбетовтің зерттеу еңбектерінен де жолықтырдық.
Жалпы, Мағжан Жұмабаев туралы өмірбаяндық мәліметтерге үңілгендегі біздің байқағанымыз, ақынның неке-отбасылық тағдырының қайғы-мұңға, қайшылыққа толы болғандығы. Екі рет үйленген. Алғашқы қосағы Зейнеп 1919 жылы 10 ақпанда босану үстінде қайтыс болады. Зейнептен қалған Граждан есімді сәби де араға жыл салып қатыгез ажалдың қармағына ілігеді. Кейін әкесі Бекеннің ұйғаруымен Қызылжарда тұратын Дәули Қуанышбаевтай ауқатты адамның Жәмила деген қызына құда түседі. Бірақ қалың малының төленіп қойғанына қарамастан, Мағжан жүрек үніне құлақ асып, қызылжарлық башқұрт байы Хасанның жесірі Зылихамен бірге Уфа, Челябі, одан әрі Ташкент асады. Өмірінің соңына дейін Зылихамен бірге болады.
...Сөйтіп арада бірнеше жыл өтеді. Ол уақытта Мағжан Мәскеуге қоныс аударған болатын. Бірде ақын жары Зылиха екеуі қоғамдық көлікте кетіп бара жатып, баяғы өзі сүйген сұлу Гүлсімге ойда-жоқта кездесіп қалады. Бірақ бір-біріне ләм деуге шамалары келмейді. Дәл сол кезде трамвай келіп тоқтайды да, ғашықтар жолы екіге айырылады. Мәңгілікке... Содан қайтып кездеспейді.
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:39
Беларусьпен байланыстың бір белесі
Әлем • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар