Театр тарихын зерделеуге деген талпыныс һәм махаббат сонау студенттік жылдардан-ақ үнемі шаң басқан архивтерге қарай тартатын да тұратын. Әсіресе сахна әлеміндегі тұңғыштар тағдыры бір сәт те бейжай қалдырып көрген емес. Сондай ізденіс жетегінде жүріп, тарих қатпарының беймәлім беттерін парақтап көргенімізде, сахна өнері саласында біз үшін бейтаныс жаңа есіммен қауыштық. Ол – 1926 жылдың 13 қаңтарындағы өнер өлкесінде болған ұлы жаңалық – Қызылордада ашылған тұңғыш кәсіби қазақ театрының алғашқы актрисаларының бірі – Дәлилә Қарақбайқызы Оңғарбаева. Театр шымылдығын түрген М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Еңлік рөлінің алғашқы орындаушысы.

СУРЕТТЕ: Ерлі-зайыпты Құсайын мен Дәлилә Оңғарбаевтар, 1927 жыл.
Тұсауын театр кескен...
1926 жылдың 13 қаңтары күні Сыр өңірінде шымылдығы түрілген өнер ошағына, сахнада ойналар жағымды да жағымсыз бейнелерге бұрын мұндайды көрмеген қарапайым халықтың алғашында тосырқай, үрке қарағаны жасырын емес. Сондай қиыншылықтармен бетпе-бет кездесе жүріп, өнерге деген өлшемнің әмәнда биік тұратындығын дәлелдеген бір топ жанкешті өнерпаздың ортасында Дәлилә Оңғарбаева да бар еді. Жаңадан құрылып, қалт-құлт қаз басып, алғашқы адымдарын апыл-тапыл аттаған театр әу баста кемшіліксіз де болмады. Режиссерлік шеберлік, сахналық безендірілу, оқиғаны шиеленістіру жағынан біраз олқылықтарға жол беріліп жатса да, қарашаңырақ өзі діттеген мақсаты, тіктеген тұғырынан таймады, тек алға жылжыды. Жұмат Шанин, Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Жанбике Шанина есімдерімен қатар айтылуы тиіс Дәлилә Қарақбайқызының ғажап әншілігі мен сахнаны меңгерудегі табиғи тамаша шеберлігі, актерлік өнері кейінгі ұрпаққа үлгі, тағылым болуға әбден лайық-ақ.
«Жас қыршын Қарақбайдың Дәлиләсі...»
Денсаулығына байланысты сахнамен тым ерте қоштасқандықтан да болар, актриса есімі тұңғыш театрды құрушылардың санатында көп айтыла бермейді. Бірақ қалай десек те, Дәлилә Қарақбайқызының Еңлік рөлін сомдаған алғашқы актриса екендігі ақиқат. Бұлай деп сенімді түрде ой түюмізге театрдың қырық жылдық мерейтойына арнап жазған ақын Асқар Тоқмағамбетовтің: «Еңлік боп алғашқы көзге түскен, Жас қыршын Қарақбайдың Дәлиләсі», – деген жыр жолдары дәлел бола алады. Пікірімізді өнердегі қадамдарын бірге аттаған қанаттас досы Серке Қожамқұловтың мына бір лебізі одан әрі нықтап, толықтыра түскендей: «1927 жылы ақпан айында Ташкентке жаңадан ашылған қазақ театрының труппасын шақыртады (барлығы жиырмаға тарта әртіс), он бес күндей ойын беріп, концерт қояды. Бұл сапарда Дәлилә «Арқалық батырда» – қалмақ ханының қызы Бикешті, «Қарагөзде» Қарагөздің жеңгесі Ақбаланы ойнады. Әрбір қойылған концерттің бәрінде ән салып, көрермен жұрттың құрметіне бөленді». Ал актрисаның әншілік қырына баға берген замандасы Құрманбек Жандарбековтің: «Дәлилә ән айтқанда өте байсалды, мәнеріне келтіре әнмен бірге толқып, күндегі айтатын әнін жаңа ғана үйренгендей бар ықыласымен айтушы еді» – деген сүйсіне баяндайтын ықыласты құрметі де талант табиғатының даралық қуатын таныта түсетіндей.
Талант табиғаты
«Дәлилә – қазақ өнері үшін жаралған жарық жұлдыз еді. Тым ерте ағып түсті...» деп жазады әнші Жүсіпбек Елебеков өз естелігінде. Дәстүрлі ән өнері дүлдүлінің бұлай деп тамсана һәм өкіне пікір білдіруі заңды да. Өйткені қазақ театрының тұңғыш қарлығаштарының бірі Дәлилә Қарақбайқызы – аңыз әншінің қайын бикесі, яғни Жүсіпбек Елебековтің жан жары Хабиба Елебекованың туған әпкесі. Талант алдымен Алладан берілсе, одан кейін тек пен тәрбие арқылы бойға сіңеді. Дәлилә Оңғарбаеваны тал бойынан осы аталған қос артықшылықтың екеуі бір мезетте табылған тума талант иесі деп атауымызға әбден болады. Өйткені Дәлилә Оңғарбаеваның отбасы өнерді ерекше қастер тұтқан әулет санатынан. Соның әсері болса керек, Қарақбай қарияның Дәлилә мен Хабиба есімді қос бірдей қарлығашы ұясынан өнер деп ұшып, театрға қарай бағыт түзегені. Қасиетті Қарқаралы топырағынан қанаттанып, үлкен өнерге қадам басқан қос таланттың да қазақ театр өнері тарихынан алар орны айрықша. Бірақ бір өкініштісі, өнегелі әулеттен шыққан апалы-сіңлілі актрисалардың үлкенінің ғұмыры келте қайырылады. Ал кішісі ғибратқа толы ғасыр ғұмырдың куәсі болып, ел алғысына бөленіп өмірден өтті.
Қазақ сахнасының Еңлігі мен Кебегі
Өмірінің соңына дейін өнегелі әулеттің туын жықпай, абыройын асқақтатып келген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебековадан көзі тірісінде әпкесі мен жездесі туралы сұрағанымыз бар еді. Өйткені Дәлиләнің өзі тамаша актрисалығымен қатар, Мәскеу төрінде қазақ қыздарының ішінен бірінші болып домбырамен ән шырқаған талант болса, жұбайы Құсайын Оңғарбаев та өнерден кенде емес, тұңғыш кәсіби қазақ театрының актері, Кебек рөлін алғаш ойнаған қазақтың бірі. Ғасыр ғұмыр иесі сонда бізге талантты туыстары туралы былай деп сыр ашып еді: «Өзі сұлу, өзі керім, өзі ақын әпкемді әкем Дәлиләға дейінгі ұлдарының бәрі бірінен соң бірі шетінеп, тұрақтамаған соң бетінен қақпай, еркін етіп өсірді. Құс салып, аң аулап, үнемі әкемізге серік болып жүреді екен. Еркекшоралау өскендігіне қарамастан, өнерге жастайынан іңкәр болды. 1926 жылғы Ұлттар кеңесінің екінші съезінде әрбір ұлттан кісі шақырып, үлкен концерт болады. Қазақстаннан баратын делегацияны Сәкен Сейфуллин бастап, бас-аяғы он бес шақты адам, ішінде екі әйел адам: бірі – менің тәтем Дәлилә Қарақбайқызы болса, екіншісі – Жұматтың жары Жанбике бар, барлығы Мәскеуге сапарлатады. Мәскеу төрінде әйелдерден бірінші болып 1926 жылы домбырамен ән шырқаған менің тәтем. Ол өнері ел аузында көп айтылды. Содан кейін, елге қайтып, Қызылордада ашылған театр сахнасында «Еңлік-Кебектегі» Еңліктің рөлін алғаш болып көрермен назарына ұсынады. Жұбайы Құсайын сол жолы Кебекті сомдады. Құсайын да оқыған, көзі ашық жігіт болған. Алайда бір өкініштісі – көрерменін бұлбұл әуезімен тербеген сахна сандуғашы өнердегі жолын кілт үзуге мәжбүр болады. Қызылордаға келген соң Дәлилә ол жақтың шаң-тозаңына, ыстығына шыдамай, қайта-қайта ауыра береді. Дәрігерлер «Тез арада кетпесеңіз, жағдайыңыз нашарлай береді» деген соң, Қарқаралыдан қол ұстасып арман қуып бірге келген өмірлік серігі Құсайын Оңғарбаев енді кемелденіп, ұлт өнеріне сүбелі өнерін қосуға білек сыбана кіріскен шақтарында ауру меңдеген жарын жетектеп, амалсыз туған жеріне оралады. Құсайынның әкесі сұмдық бай болған адам. Екеуі елге келгенде, байлардың мал-мүлкін тәркілеу науқаны басталып кетіп, барлығын жер аударып жібереді. Кемерово қаласына қоныстанған әпкем дертінен сол күйі айыға алмай, көп ұзамай қайтыс болады. Өкінішке қарай, әпке-жездемнің соңынан ұрпақ қалмады. Халил мен Алтай есімді қос перзент сүйген еді, бірақ олардың да дәм-тұзы ерте таусылып, жастай кетті».
Түйін
Уақыт – төреші, тарих – тағылым. Уақыт-ағзам алақанында жазылған ақиқаттың қай кезде де ұрпақ жадында жаңғырып, өнегесімен өрелі ойларға бастары сөзсіз. Өнерде дарынды әртіс көп болғанымен, сахнада сүрген келте ғұмырын өлмес өнегеге айналдыра білген талант сирек. Қазақ сахнасының ең алғашқы Еңлігі мен Кебегі – Дәлилә Қарақбайқызы мен Құсайын Оңғарбаев өмірі, біздіңше, сонысымен өрелі, сонысымен өнегелі.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар