Қайғылы жағдай 7 желтоқсан күні Астана-Ерейментау-Шідерті автожолында болды.
Алдын ала дерек бойынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге жылдамдықты төмендету мен жолдың тарылуы жөнінде ескерту жасап тұрған патрульдік полиция инспекторына соқтығысқан.
Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ведомство оқиғаның барлық мән-жайы мұқият және объективті түрде тексерілетінін мәлімдеді.