Жақында «Астана Балет» театрында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, хореограф Анвара Садықова қойған «Желтораңғы туралы аңыз» бір актілі балетінің премьерасы өтті. Қазақ өнерінің саңлақтары – композитор Қуат Шілдебаев және либретто авторы Бақыт Қайырбековпен бірлесе отырып балетмейстер мазмұны терең хореографиялық туындыны дүниеге әкелді.

– Бұл балетте біз ағаш бейнесі арқылы халқымыздың өр рухы мен қайраты жайлы ой өрбітеміз. Адамдардың табиғатқа зиян келтіруі, адам мен табиғат арасындағы қайшылық негізгі мәселе ретінде көтеріледі, яғни қойылымның өзегі осы негізде тарқатылады. Біздің мақсатымыз – адам мен қоршаған орта арасындағы үйлесімділікті табу. Айтулы балет Қуат Шілдебаевтың музыкасын тыңдаған кездегі өзімнің ішкі толқынысымның көрінісі – ұлттық, сонымен бірге заманауи, қазіргі көрерменге түсінікті сезім иірімдері, – дейді хореограф.
Балеттегі оқиға қазақ даласында тамыр жайған ғажайып ағаштың төңірегінде өрбиді. Құм көшкініне төтеп берген Тораңғы қатайып, тамыры терең бойлайды. Бірақ күтпеген жерден отыншылар келіп, ағашты шаппақшы болғанда, бір бозбала Тораңғыны қорғап қалады. Ал ағаштың желтораңғы аталатын себебі – желсіз күнде де оның бұтақтары тербеліп тұрады екен.
Спектакльде көтерілген негізгі идея – басына бұлт үйірілген тұстағы халықтың асқақ рухын суреттеу. Осы күш-қуат Тораңғы бейнесімен өрілген. Сонымен бірге қоюшы-хореограф адамзатқа ортақ өзекті мәселелерді де қозғайды, ол – табиғат пен адамдар арасындағы конфликт. Сахнада ол қатыгез тайталасқа ұласады. Сөйтіп адамдардың табиғатқа ойланбастан, қасақана қол салуының залалын айқын көрсетеді.
– Бұрын барлық адам, әсіресе, біздің қазақ халқы айналадағы тіршілік атаулының жаны бар деп сенетін. Сол себепті табиғатты аялайтын. Мекиен далада көк атаулы аз болғандықтан, әр ағаш киелі саналатын. Далада ағашты көрсеңіз, бұл жақсылыққа баланатын. Оның саясында тынығуға болады, оған құстар ұя салады. Мұның бәрі – біздің пайымымыз жете бермейтін сұлулықтың көрінісі. Оны аялап, оған қорған болу керек, – дейді либретто авторы Бақыт Қайырбеков.
Тораңғы партиясын «Астана Балет» театрының жетекші солистері Аңсаған Көбентай мен Әсел Жанғасқаева орындап шықты. Бозбала партиясын Фархад Бөриев пен Сүндет Сұлтанов, ал нәзік те асқақ Тораңғы жанын Дилара Шомаева мен Дарина Қайрашева сомдады.
– Қазақ философиясы мен мәдениетінде әйел затының алар орны ерекше. Ол рух секілді, барша тіршілік атаулының бастау бұлағы. Спектакльде бұл Тораңғы бейнесі арқылы берілген. Ол ұлттық нақыштағы орман нимфасы іспетті, – дейді театрдың жетекші солисі Дилара Шомаева.
Спектакльді көркем безендіруді «Астана Балет» театрының шеберлері жүзеге асырды. Әсем декорация мен костюмдер қазақ биінің бай мұрасы мен классикалық биді ұштастырған хореографтың бірегей пластикалық тілін ажарландыра түсті.
– Премьераны асыға күттім. Қойылым билетін алдын ала сатып алып, осы спектакльді көзімен көрген бақытты жандардың қатарынан табылдым. Спектакльдегі әр деталь өзара байланысқан. Үндестік бар. Музыка болсын, хореография болсын, декорация немесе бейнекөрініс болсын – бәрі бірімен-бірі сәтті үндескен. Жаныңды тебірентер сәттер қаншама?! Әртістер кемеліне жеткен, өте нанымды ойнап шықты, – деген ойымен бөлісті спектакльден соң көрермендердің бірі Нұргүл Есенгелді.
Орайы келгенде айта кетейік, «Астана Балет» ұжымы жақын күндері көрермен назарына тағы бір премьера ұсынады. Ол – жас хореограф, «Астана Балет» театрының жетекші солисі Айнұр Әбілғазина қойған «Триумф» бір актілі балеті. Ал 14 қарашада талғампаз көрермен назарына Мукарам Авахридің «Саломея» және Рикардо Амарантенің «Longing» («Құштарлық») бір актілі балеттері ұсынылатын болады.
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Ұқсас жаңалықтар