Қоғам • 04 Сәуір, 2024

Жас отбасының қуанышы

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үшемнің өмірге келуі – сирек кездесетін жайт. Атырауда үшем дүниеге келді. Нәрестелер – жас отбасының тұңғышы.

Жас отбасының қуанышы

Атырау облыстық пери­натал­дық орталығының директоры Қаз­бек Ермағамбетовтің айтуын­ша, үшемнің анасы Бекзада Қадыр­­баеваның жасы 26-да. Оған жүк­тіліктің 33-аптасында операция жасалған.

Орталық директорының орынбасары Гүлмира Әбекеева­ның ай­туына қарағанда, үшемнің біреуі  ұл, екеуі  қыз. Жас отбасы сәби­леріне Абдулхаким, Хафиза, Ха­би­ба есімін берген.

«Сәбилер әртүрлі салмақпен өмірге келді. Бәрінің де сал­мағы 2 килоға жетпеген еді. Бірі – 1 711, екіншісі – 1 823, үшін­шісінің салмағы 1 420 грамм болды. Нәрестелер шала ту­ғандықтан жансақтау бө­лі­мінде жасанды желдету құ­рыл­ғысына қосылды. Осы бөлімде толыққанды ем алды. Пер­зентханада жағдайы тұрақтанып, тыныс алуы жақ­сарғанға дейін 37 күн жатты. Сонан соң үйіне шығарылды. Қазір сәбилердің салмағы ұлайып, 1 700, 2 400, 2 500 грамға жетті», дейді Г.Әбекеева.

«Азаматтарға арналған үкі­­мет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Атырау об­лысы бойынша филиалы ди­рек­­­торының орынбасары Нұр­лан Дүйсембаев үшемнің туу туралы куәлігін табыс етті. Ал облыстық пери­наталдық ор­талығының директоры Қаз­бек Ермағамбетов үшемнің әке-шешесіне арнайы сертификат табыстады.

 

Атырау облысы