Атырау облыстық перинаталдық орталығының директоры Қазбек Ермағамбетовтің айтуынша, үшемнің анасы Бекзада Қадырбаеваның жасы 26-да. Оған жүктіліктің 33-аптасында операция жасалған.
Орталық директорының орынбасары Гүлмира Әбекееваның айтуына қарағанда, үшемнің біреуі ұл, екеуі қыз. Жас отбасы сәбилеріне Абдулхаким, Хафиза, Хабиба есімін берген.
«Сәбилер әртүрлі салмақпен өмірге келді. Бәрінің де салмағы 2 килоға жетпеген еді. Бірі – 1 711, екіншісі – 1 823, үшіншісінің салмағы 1 420 грамм болды. Нәрестелер шала туғандықтан жансақтау бөлімінде жасанды желдету құрылғысына қосылды. Осы бөлімде толыққанды ем алды. Перзентханада жағдайы тұрақтанып, тыныс алуы жақсарғанға дейін 37 күн жатты. Сонан соң үйіне шығарылды. Қазір сәбилердің салмағы ұлайып, 1 700, 2 400, 2 500 грамға жетті», дейді Г.Әбекеева.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нұрлан Дүйсембаев үшемнің туу туралы куәлігін табыс етті. Ал облыстық перинаталдық орталығының директоры Қазбек Ермағамбетов үшемнің әке-шешесіне арнайы сертификат табыстады.
Атырау облысы