Аймақтар • 05 Сәуір, 2024

Қаратомар су қоймасынан секундына 1000 текше метр су жіберіле бастады

1561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 20:00-де Қаратомар су қоймасынан Қостанай қаласына қарай секундына 1000 текше метр транзиттік су жіберіле бастадыМол су Сергеевск құламасы арқылы Амангелді су қоймасына құйылады.

Қаратомар су қоймасынан секундына 1000 текше метр су жіберіле бастады

«Су жіберу көлемі секундына 1500 текше метрге жетсе немесе ол шамадан да көп болып кетсе, Тобыл өзені арнасынан асуы мүмкін. Су басу қаупіне байланысты Қостанай, Тобыл қалаларындағы өзен бойына жақын орналасқан көшелердің, саяжайлар, елді мекендердің тұрғындары, сауда - ойын-сауық орталықтары, демалыс орындары эвакуацияланады», деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Жедел штаб тұрғындардан бос дүрлігуден сақтануды сұрайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қажетті эвакуация пункттері, техника, қаптар, инертті материалдар дайын.

Полиция департаменті автокөліктердің барлық түрі үшін облыстық маңызы бар жолдардың жабылғанын мәлімдеді.  

 

Қостанай облысы