«Су жіберу көлемі секундына 1500 текше метрге жетсе немесе ол шамадан да көп болып кетсе, Тобыл өзені арнасынан асуы мүмкін. Су басу қаупіне байланысты Қостанай, Тобыл қалаларындағы өзен бойына жақын орналасқан көшелердің, саяжайлар, елді мекендердің тұрғындары, сауда - ойын-сауық орталықтары, демалыс орындары эвакуацияланады», деп хабарлады облыстық жедел штаб.
Жедел штаб тұрғындардан бос дүрлігуден сақтануды сұрайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қажетті эвакуация пункттері, техника, қаптар, инертті материалдар дайын.
Полиция департаменті автокөліктердің барлық түрі үшін облыстық маңызы бар жолдардың жабылғанын мәлімдеді.
Қостанай облысы