Спорт • Бүгін, 17:23

Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы стенд атудан Алматыда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңіндегі алғашқы медалін жеңіп алды. Әсем Орынбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, әйелдер арасындағы «скит» жаттығуында топ жарды, деп жазады Egemen.kz.

Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды

Фото: ҰОК

Финалда ол 33 ұпай жинап, биыл командаласы Адель Садақбаева тіркеген әлем рекордын қайталады.

Мергендердің тамаша жетістігі

Қытайлық Итин Цзян 30 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал Италия өкілі Мартина Бартоломей 27 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Алматыдағы Әлем кубогі кезеңі 4 мамырда басталды, 11 мамырда аяқталады. Жарыс Александр Асанов атындағы клубта өтіп жатыр.

Мергендер мерейі

Соңғы жаңалықтар