Пікір • 08 Сәуір, 2024

Волонтерлік жұмысты үйлестірудің маңызы

36 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында су тасқынына қатысты ақпарат тарату үшін Орталық коммуникациялар қызметінде Республикалық ақпараттық штаб құрылғаны және тасқынға қарсы күреске жұмылдырылған волонтер­лер тура­лы жазба қалдырды.

Волонтерлік жұмысты үйлестірудің маңызы

Мемлекеттік кеңесші су тасқынына қатысты қазіргі ахуал туралы ақпарат тарату үшін Орталық коммуникациялар қызметінде Республикалық ақпараттық штаб құрылғанын, штабтың БАҚ өкілдерін құзырлы органдардан түскен мәліметпен тәулік бойы қамтамасыз ететінін хабарлады.

«6 сәуірден бастап Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Казгидромет және басқа да мекеме өкілдерінің қатысуымен қосымша онлайн брифингтер ұйымдастырылады. Төтенше жағдай жарияланған 10 аймақтан жергілікті штабтармен онлайн брифингтер жоспарланып отыр. «24kz» телеарнасының эфирлік уақыты Республикалық ақпараттық штабтың жұмысымен үйлестіріліп, брифингтерден тікелей хабар таратылады. Бұдан бөлек, телеарнадағы жаңалықтардың эфирге шығу жиілігі артып, су тасқынымен күресу және оның салдарын жою, құтқару қызметтерінің, волонтерлік ұйымдардың және басқа да азаматтардың бірлескен жұмысы, зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинап жеткізу барысы туралы тұрақты ақпарат берілетін болады», дейді Мемлекеттік кеңесші.

«Сондай-ақ қоғам белсен­ділері, волонтерлер және қарапа­йым азаматтар зардап шеккен жандар­ды қауіпсіз аймаққа көшіру­ге, гуманитарлық көмек­ті жинауға және жеткізуге, тұр­ғын­дарға ақпарат таратуға қатыс­ты бірлескен жұмыста маңыз­ды рөл атқарып отыр. Бүгін­де су тасқынына қарсы күреске барлығы 20 мыңнан астам во­лонтер жұмылдырылған. Олар­дың басым көпшілігі Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Ақмола және өзге де облыс­тар­дағы төтенше жағдайлар депар­таментінің қызметкерлеріне барынша жәрдемдесіп жатыр.

Қазақстан халқының Ассамб­леясы тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр. Жалпы рес­публика бойынша қиын-қыстау жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетуге және қарғын су салдарын жоюға Ассамб­леяның 9 мыңнан астам волон­тері атсалысып жүр. Бар­лық аймақтағы Достық үйінде ерік­­тілер орталығы және гумани­­тар­лық көмекті қабылдау орын­­дары ұйымдастырылды. Этно­мәдени бірлестіктердің өкіл­дері зардап шеккен адамдарды азық-түлікпен, ыстық тамақ­пен, киім-кешекпен, қажетті зат­тар­мен және техникамен қамта­масыз етіп отыр. Қазіргі таңда Ассамблея тарапынан беріл­ген қайы­рымдылық және гу­ма­нитар­лық көмектің көлемі 110 мил­лион теңгеден асты. Елі­міз­дегі волонтерлік ұйымдар­дың жұмысын үйлес­тіру – маңыз­ды міндеттің бірі. Мұны «Amanat» партиясының «Жас­тар рухы» жастар қанаты өз мой­ны­на алды. Ауқымды филиал­дар желісі және мемлекет­тік ор­ган­дармен жұмыс істеу тәжі­ри­бесі бар «Жастар рухы» ерікті құт­қарушыларды жинау, гума­ни­тарлық көмекті сұрыптау және жеткізу жұмысын тиімді атқа­рып отыр. Бүгін бірқатар ірі волон­терлік бірлестіктің өкіл­дерімен кездестік. Күнделікті ұйым­дастыру мәселелерін талқы­лап, бұрын-соңды болмаған су тас­қынының салдарын жою үшін бірлесе жұмыс жүргізе беруге уағдаластық», деп жазды Ерлан Қарин.