Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Тобыл жағасындағы тосқын шараларына ірі кәсіпорындар да тартылды

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су басқан елді мекендерден эвакуацияланған тұрғындардың біразы Қостанайдағы «Agromash» зауытының жатақханасын пана етіп жүр. Компания өкілдерінің айтуынша, жатақханада әлі екі бөлме бос тұр.

Тобыл жағасындағы тосқын шараларына ірі кәсіпорындар да тартылды

Су тасқынына қарсы толассыз атқарылып жатқан іс-шараларға көппен бірге жергілікті машина жасау кәсіпорындары да атсалысып жатыр. Тұрғындарды эвакуациялау, өзге де толып жатқан шаруалардың ішінде 250-ге жуық машина жасаушы маман жүр.

Мұның сыртында, техника күшін қажет ететін жерлерде «Allur» зауытының 11 автобусы, 15 жүк көлігі, 3 арнайы техникасы жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорындар жұмыс басындағыларды қажетті дүниелермен, ауыз су, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жатыр.

«Мұндай қиын кезеңде жұмылып жұдырық болып, ауыртпалықты көппен бірге көтере білу маңызды. Осындай қиын-қыстау сәтте өзге де бизнес өкілдерін көптің көлеңкесінде қалмай, су тасқынынан зардап шегіп жатқан тұрғындарға көмек қолын созуға шақырамыз», дейді машина жасау кәсіпорындарының өкілдері. 

д

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024