Су тасқынына қарсы толассыз атқарылып жатқан іс-шараларға көппен бірге жергілікті машина жасау кәсіпорындары да атсалысып жатыр. Тұрғындарды эвакуациялау, өзге де толып жатқан шаруалардың ішінде 250-ге жуық машина жасаушы маман жүр.
Мұның сыртында, техника күшін қажет ететін жерлерде «Allur» зауытының 11 автобусы, 15 жүк көлігі, 3 арнайы техникасы жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорындар жұмыс басындағыларды қажетті дүниелермен, ауыз су, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жатыр.
«Мұндай қиын кезеңде жұмылып жұдырық болып, ауыртпалықты көппен бірге көтере білу маңызды. Осындай қиын-қыстау сәтте өзге де бизнес өкілдерін көптің көлеңкесінде қалмай, су тасқынынан зардап шегіп жатқан тұрғындарға көмек қолын созуға шақырамыз», дейді машина жасау кәсіпорындарының өкілдері.
Қостанай облысы