Елорда • Кеше

Астанада «Нұрлы жол» маңында түнгі уақытта жол қозғалысы шектеледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты «Нұрлы жол» вокзалы маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Шектеулер түнгі уақытта күшінде болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада «Нұрлы жол» маңында түнгі уақытта жол қозғалысы шектеледі

фото: Астана қаласы әкімдігі

Орташа жөндеу жұмыстары аясында Сафуан Шаймерденов көшесінің Жұмекен Нәжімеденов және Ахмет Байтұрсынов көшелерімен қиылысатын учаскелері жабылады.

Атап айтқанда:
– 5 мамыр сағат 19:00-ден 6 мамыр сағат 08:00-ге дейін Шаймерденов пен Нәжімеденов көшелерінің қиылысы;
– 6 мамыр сағат 19:00-ден 7 мамыр сағат 08:00-ге дейін Шаймерденов пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысы жабық болады.

Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады

Қала билігі жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген шектеулерді ескеруді сұрайды.

Соңғы жаңалықтар