Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше мереке күндері министрлік өкілдері мен әскери оркестр Ұлы Отан соғысының әрбір ардагерін арнайы барып құттықтайды.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні «Бәйтерек» монументі алдында өтетін плац-концертпен басталады (12:00–12:30).
Ал сағат 15:00-де әскери оркестр қала көшелерімен жүріп өтеді: музыканттар Кенесары хан ескерткішінен бастап, жағалау бойымен және «Атырау» көпірі арқылы өтіп, шеруін Орталық саябақтағы концертпен аяқтайды.
Сонымен қатар, концерттер Отан қорғаушылар монументі, «Жастар» сарайы, қала әкімдігі және Бауыржан Момышұлы ескерткіші маңында да ұйымдастырылады.