Аймақтар • 10 Сәуір, 2024

Жанға жайлы жаңа пәтер

43 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жетісуда жыл сайын жүздеген отбасы қоныстойын той­лап, қуанышқа кенеледі. Былтыр дәл осы уақытта талды­қорғандық тұрғындар баспаналы болған еді. Биыл да сол үрдіс жалғасын тапты. Мемле­кеттік қордан тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған халық­тың әлеуметтік осал санатындағы азаматтарына пәтер кілті табысталды.

Жанға жайлы жаңа пәтер

Былтыр мемлекеттік сатып алу порталы арқы­­лы 63 пәтерге рес­публика­лық бюджеттен 642 млн теңге бөлінген. Тұрғын үй комиссиясы 30 талдықорғандықтың өтіні­шін қарап, жаңа баспананың кіл­тін иелеріне табыстады. Ал қалған ­33 пәтер кезекте тұрған тұрғын­­дар­ға алдағы уақытта беріледі деп ­жоспарланып отыр.

Көптен күткен қуанышына жетіп, жүздері бал-бұл жанған көпшілікті Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Анда­беков арнайы құттықтап, ыстық ықыласын жеткізді.

«Біз кезекте тұрған тұрғындар­ға, барлық заңдылықты сақ­тай отырып, пәтер кілтін табыс ет­тік. Үй кезегінде тұрған ха­лық са­нын азайту – Мемлекет бас­шы­­сының назарындағы бас­ты мә­селе болғандықтан, жіті қада­ға­ла­уымызда. Жұмыстың ашық, әділ жүр­гізілуін біз тікелей назарға аламыз. Ешқандай да заңбұзу­шы­лық болған. Өкінішке қарай, қала халқының 15 мыңнан аста­мы бас­панаға мұқтаж. Бұл мәселе ке­­зең-кезеңімен шешіледі. Кейін­гі екі жылда облыс орталығында, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтама­сыз ету жұмысы жүйелі атқарылды. Дәл осы қарқынмен жұмыс жүргі­зіл­се, кезек те біршама қысқара­ды. Ал бүгінгі қуаныш иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Ендігі тілек шаңырақтан шаттық пен баланың күлкісі үзілмесе дей­міз», деді қала әкімінің орынбасары Ж.Андабеков.

2008 жылдан бері баспана кезегінде тұрған көпбалалы ана Күләра Еркебаева 3 бөлме­лі пә­тердің кілтін иеленді. Қуаныш­тан көзіне жас алған бес баланың ана­сы Еділ мен Жайық есімді егіз ұлын өмірге алып келген сәтте бас­панаға кезекке тұрған. Қазір сол ұлдары – 17 жас­тағы тепсе те­мір үзетін жігіттер. Бірлігі мен берекесі жарасқан отбасы пәтер жағалап, талай табалдырықты тоз­­дырғанын көзіне жас алып еске алады. Обаға қарсы бекет­те мед­бике болып жұмыс істей­тін тал­дықорғандық келіншек мем­лекеттің қамқорлығына дән
риза.

Пәтер кілтін табыстау салтанатына Қайынжамал Әткенова балаларымен, туған-туыстарымен келді. Ол мемлекетке баспана мәселе­сін шешуге қолдау көрсеткеніне ана­­лық алғысын жеткізді.

«Зейнеткер, еңбек ардагері ретінде 2005 жылы тұрғын үй ке­зе­гіне тұрдым. 8 балам, 18 не­мерем бар. Бүгін бір бөлмелі пәтер алдым. Мемлекет бас­шы­сына, облыс, қала әкімдеріне риза­шы­лы­ғымды білдіріп, еліміздің әр­­бір азаматының шаңы­рағы биік, босағасы берік болсын деп тілей­мін. Ең бастысы, тыныш заманда тату-тәтті өмір сүрейік», дей­ді ­­88 жас­тағы Қайынжамал әже. Айта кетейік, алдағы уақытта кезекте тұрған отбасыларға әлі де ­баспа­на кілті табысталады. Жергілікті би­лік өкілдері Мем­лекет басшысын тапсырмасына сай халықты толық­тай пәтермен қамтуға күш салып жатыр.

 

Жетісу облысы