Аймақтар • 11 Сәуір, 2024

Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Каспий теңізінің Атырау облысындағы жағалауында қамыс өрті тұтанды.

Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына қарағанда, қамыс өрті бүгін, 11 сәуірде сағат 15:00-де анықталған.  

«Атырау қаласындағы Тасқала ауылынан Каспий теңізіне қарай 20 шақырым қашықтықта қамыс жанып жатыр. Қамыс өртінен елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ», деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қамыс өртін сөндіруге 11 қызметкер мен 4 техника жіберілген.