Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына қарағанда, қамыс өрті бүгін, 11 сәуірде сағат 15:00-де анықталған.
«Атырау қаласындағы Тасқала ауылынан Каспий теңізіне қарай 20 шақырым қашықтықта қамыс жанып жатыр. Қамыс өртінен елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ», деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Қамыс өртін сөндіруге 11 қызметкер мен 4 техника жіберілген.