Шаруашылық • Бүгін, 09:23

Егістікке арналған жанармай енді арнайы түспен белгіленеді

1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Егістікке арналған жанармай енді арнайы түспен белгіленеді

Фото: Энергетика министрлігі

Жыл басында Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері егіс науқанына арналған 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекітті. Биыл жеткізілім 1 ақпанда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.

Энергетика министрлігі ұсынған дизель отынының бағасы өңірлердегі жеткізу станциясына дейін ҚҚС-пен бірге литріне 263 теңге. Соңғы бағаны өңірлік операторлар айқындайды және ол литріне 281 теңгеге дейін болуы мүмкін. Бұл орташа бөлшек сауда бағасынан 49 теңгеге немесе 15%-ға төмен.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынын бөлудің ашықтығын және оның қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бұған дейін бірқатар қосымша шаралар енгізілген болатын.

Еліміздің қай өңірінде бензин мен дизель арзан?

Атап айтқанда, жеке ПИН-кодтар белгіленіп, отынды сары, көк және қызыл түстерге бояу жүйесі енгізілді, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жүйесінде дизель отынына арналған жеке виртуалды қойма құрылды.

Қабылданған шаралар дизель отынын мақсатсыз пайдалану көлемін азайтуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, нақты тұтыну көлемі 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін төмендеп, 21%-ға қысқарды.▪️

Диқандар биыл дизельді қанша теңгеге сатып алады?

Энергетика министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Құнды қазынаның жоқшысы

Әдебиет • Бүгін, 09:38