Спорт • 16 Сәуір, 2024

Жарыс күнделігі

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу сайы­сында еліміздің теннисшілері сәтсіз өнер көрсетті. Олар Токиода Жа­пония құрамасынан 1:3 есебімен ойсырай ұтыл­ды. Алғашқы күні Нао Хибино Анна Данилинаны бас көтертпей жеңсе, Юлия Путинцева Наоми Осакаға есе жіберді. Келесі күні Путинцева атақты Осаканың осал тұсын таба алмады. Одан кейін Анна Данилина мен Жібек Кұламбаева жұбы Сюко Аояма мен Эна Сибахараға сан соқтырды.

Жарыс күнделігі

Шайбалы хоккейден Андоррада өткен екінші дивизиондағы командалар ар­асындағы әлем чемпионатының соңғы кездесуінде еліміздің әйелдер құрамасы Испанияның бұрымдыларынан 5:3 есе­бімен басым түсті. Осы жеңіс арқылы жерлестеріміз бірінші орын иеленіп, келесі жылы бірінші дивизионда күш сынасу мүмкіндігіне ие болды. Бұ­ған дейін Александр Тебеньковтың шәкірт­­тері Мек­сика (4:2), Тайпэй (3:0), Ис­лан­дия (7:2), Бельгияны (9:2) жолынан ығыс­тырған еді.

е

 

Отандық Octagon промоушені 19 сәуірде Алматыда аралас жекпе-жектен Қа­зақстан мен Қытай спортшылары арасында жолдастық кездесу өткізуді жос­парлап отыр. Бұл бәсекелерде мына файтерлер күш сынасады: Сүндет Айтқұл (7-1) – Кингхе Жанг (12-6), Дамир Төленов (11-1) – Бухуогбу (5-3), Ерасыл Шұқатаев (10-4) – Конгву (7-1) және Олжас Нұрқасым (2-2) – Батырали (4-3-1). Сондай-ақ осы жарыс­та көрермендер назарына тағы бірқатар қызықты айқас ұсынылады. 

ми