Экология • 24 Сәуір, 2024

Жезқазған қаласында 100 көшет отырғызылды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Жасыл аймақ» апталығы аясында 100 көшет отырғызылды. Қала әкімдігі ұйымдастырған көшет егу науқанына «Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастары қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Жезқазған қаласында 100 көшет отырғызылды

Экологиялық акцияның мақсаты - жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы туған жерді таза әрі жасыл қалаға айналдыру.

Ұлттық волонтерлер желісі Ұлытау облыстық филиалының жетекшісі Дарын Төлеубай тұрғындарды акцияға белсенді атсалысуға шақырды.

«Қаламыздың көгалданып, абаттануы үшін өткізіліп жатқан акцияға тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырамын. Сонымен қатар ағаштарды сындырмауға, күтіп-баптауға, қолдарыңыздан келгенше үйлеріңіздің алдына ағаш отырғызып, оларды суарып тұруға кеңес беремін», деді Дарын Төлеубай.

Айта кетейік, 27 сәуір күні қала бойынша 9 мыңға жуық түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр.