Экологиялық акцияның мақсаты - жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы туған жерді таза әрі жасыл қалаға айналдыру.
Ұлттық волонтерлер желісі Ұлытау облыстық филиалының жетекшісі Дарын Төлеубай тұрғындарды акцияға белсенді атсалысуға шақырды.
«Қаламыздың көгалданып, абаттануы үшін өткізіліп жатқан акцияға тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырамын. Сонымен қатар ағаштарды сындырмауға, күтіп-баптауға, қолдарыңыздан келгенше үйлеріңіздің алдына ағаш отырғызып, оларды суарып тұруға кеңес беремін», деді Дарын Төлеубай.
Айта кетейік, 27 сәуір күні қала бойынша 9 мыңға жуық түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр.