Жәдігер • 06 Мамыр, 2024

Кенесарының қылышы

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұған дейін Хан Кененің мылтығы мен сауыты туралы ара-тұра естіп қалатынбыз. Кейінгі уа­қытта Кенесарының қы­лышы жөнінде де әң­гіме қозғалып жүр. Бі­реулер Мәскеудің бір мұ­ра­жайынан көрген десе­ді. Шынында да Ке­не­са­рының қылышы қайда?

Кенесарының қылышы

Деректерге сүйенсек, Хан Кененің бір қы­лышы Оңтүстік Қазақ­стан облыстық өлкетану мұражайында сақтаулы тұр. Музей қорына Әзімхан Ке­несарин өз қолымен апарып тап­сырған. Алайда аталған қылыш бұған дейін ешқандай көрме залына қойылмапты, тек тарихи жәдігерлер қо­рын­да құпия сақталған.

Қылыштың өзі шағын, жеңіл, ұстауға ыңғайлы. Ханның жорыққа ұстайтын қылышы болса керек. Тіркеу кітапшасында жәдігер туралы барлық дерек жазылған. Айта кетейік, бұл кітапша заңды құжат болып есеп­теледі.

Онда «152.8-VI-1931. По­да­рок внука К.Касымова – Азым­хана Кенесарина. Сабля, принадлежащая султану Кенесары Касымову. Кривая, с ножными из кожи, рукаятка из кости. Материал железа. дл. лезвия 70 см. дл. рукаятка 15 см. Старая, ржавая» деп анық жазылған.

Осы қылышты Оңтүстік Қа­зақстан облыстық өлкетану мұ­ражайына өткізген Әзімхан Кенесариннің кім екенін біреу білсе, біреу білмес. Әзімхан – Ке­­несарының бәйбішесі Кү­нім­жаннан туған баласы Ах­меттің ұлы. Былайша айт­қанда, Кенесарының немересі.

Ұлты үшін күрескен ердің өмірі, әр сөзі мен әр заты өс­ке­лең ұрпаққа құнды тарихи жәдігер болуға тиіс. Жаңа айт­қа­нымыздай, Кенесарының қы­лышы ешқандай көрме залына қойылмай, құпия қорда сақталып келеді. Егер та­рихи қылыш халық алдына ұсынылып жатса, жәді­гер­ді көрген жас ұрпақ Хан Кенедей батырдың ғұ­мы­­рынан тәлім алары сөзсіз.