Аймақтар • 22 Мамыр, 2024

Атырау облысының аумағында үлкен шұңқыр пайда болған

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының аумағында, далалы жерде үлкен шұңқыр пайда болған, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысының аумағында үлкен шұңқыр пайда болған

Әлеуметтік желіде осы нысанның видеосы тарап жатыр. AtyrauPress мәліметінше, бұл Махамбет ауданының қырлы аймағында, дәлірек айтқанда, Бейбарыс ауылына жақын тұста пайда болған.

- Мынадай шұңқыр пайда болыпты. Сақ болып жүріңдер, байқамай қалмаңдар, - дейді видеода ер адам.

 Кадрлардан шұңқырдың іші суға толы екені көрінеді.

- Шұңқырдың диаметрі 10 метрден де асып кетеді. Бұл жер жекеменшік мекеменің иелігінде екен. Ал жақын маңда бейіт орналасқан. Жергілікті әкімдік бұл аумаққа тиісті мамандар жіберілетінін жеткізді, - деп жазылған жергілікті басылым мәліметінде.