Әлеуметтік желіде осы нысанның видеосы тарап жатыр. AtyrauPress мәліметінше, бұл Махамбет ауданының қырлы аймағында, дәлірек айтқанда, Бейбарыс ауылына жақын тұста пайда болған.
- Мынадай шұңқыр пайда болыпты. Сақ болып жүріңдер, байқамай қалмаңдар, - дейді видеода ер адам.
Кадрлардан шұңқырдың іші суға толы екені көрінеді.
- Шұңқырдың диаметрі 10 метрден де асып кетеді. Бұл жер жекеменшік мекеменің иелігінде екен. Ал жақын маңда бейіт орналасқан. Жергілікті әкімдік бұл аумаққа тиісті мамандар жіберілетінін жеткізді, - деп жазылған жергілікті басылым мәліметінде.