Қоғам • 22 Мамыр, 2024

Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрахим Раисимен қоштасу рәсіміне қатысады

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрахим Раисиді соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрахим Раисимен қоштасу рәсіміне қатысады

Фото: qaz365.kz

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрахим Раисидің қайтыс болуына байланысты Тегеранда көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға қатысады», делінген Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, Иранның сегізінші президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қайтыс болды. Тікұшақ елдің солтүстік-батысындағы Шығыс Әзербайжан провинциясының Варзакан аймағында құлады.