Фото: qaz365.kz
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрахим Раисидің қайтыс болуына байланысты Тегеранда көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға қатысады», делінген Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, Иранның сегізінші президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қайтыс болды. Тікұшақ елдің солтүстік-батысындағы Шығыс Әзербайжан провинциясының Варзакан аймағында құлады.