Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20758 материал табылды

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан: Кенесары көшесі жабылады

Осыған байланысты елорда тұрғындары маршрутын алдын-ала айқындап алуы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Елордада Ұлы Отан соғысының батырларына арналған 8 ескерткіш бар

Қаладағы Ұлы Отан соғысы мен оның батырларына арналған ескерткіштер – бүгінгі ұрпақтың батырларға құрметінің белгісі. Бұл өнер туындылары жас ұрпақты ерлікке баулитын құрал. Жеңістің 75 жылдығы мерекесі қарсаңында сол ескерткіштер туралы қысқаша мәлімет ұсынбақпыз. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 09 Мамыр, 2020

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  қазақстандықтарды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Таным • 09 Мамыр, 2020

«Аналардың алдында қарыздармыз!»

Бұл әңгімені Тасқұдық ауылына барғанда ақсақал Сайлау Үкиевтің аузынан естіп, жазып алған едім.

Таным • 09 Мамыр, 2020

Мүрсәлдің құдығы

Соғыс бітіп, етек-жеңін жинаған Ұялы ауылы тұрғындарының әл-ауқаты, тұрмысы әлі де оңала қоймаған кез. Әйтеуір соғыстың жеңіспен аяқталғанына мәз. Менің балалық шағым Қызылтудың Ұялы колхозында өтті.

Руханият • 09 Мамыр, 2020

Майдангер хабарын Германиядан алды

Соғыстың қиян-кескі сұрапыл ұрыстарының бірі 1943 жылдың қысында Оңтүстік Батыс және Воронеж майдандарында өтті. Неміс фашистерінің соңғы үлгідегі танк дивизиялары Белгород тасжолына шығып алып, жанталаса алға ұмтылды. Бұл кездерде екі жақтан да шығын аз болған жоқ. Сол бір қиын қыстау кезеңде Кеңес әскерлері кейін шегініп, қорғанысқа көшкен-ді. Өткен жылы жүз жасқа келіп дүниеден озған маңғыстаулық Наху Бақтыбайұлы осынау ауыр сын сағаттарға куә болған.

Тарих • 09 Мамыр, 2020

Қараңғы дүниенің жарық бір сәулесі (Ғұмырының 60 жылын суқараңғылықта өткізген жауынгер)

Бүгінде менің тағдырымда үлкен із қалдырған әкем, Ұлы Отан соғысының І топтағы мүгедегі, І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендері мен «Ерлігі үшін» медалінің иегері Есмұхан Өмірбаев жайлы терең бір тебіреніс пен толғанысқа түсемін. Ол 2006 жылы 16 желтоқсан күні 82 жасында дүниеден озды. Осы ғұмырының 60 жылын екі көзі де бірдей көрмей, суқараңғы жағдайда өткізді. 1944 жылдың 30 қаңтарындағы қырғынды және жан алысып, жан беріскен бір шайқасында әкем екі көзінен айырылған екен.

Қоғам • 09 Мамыр, 2020

Ата-әжемнің қастерлі мерекесі

Бабына жеткізе суарылған алмас қылыштай жалғанда мұқалмайтын қайратты, қажырлы, өмірге құштар жандарға Тәңір ие әуел баста-ақ айрықша қасиет сыйлап, кісілік келбетін, парасат пайымын өзгеден оқшау, дара сипатта жаратса керек. Маңдайға жазылған тағдыр сыйы мынау жарық әлемнің алапат жүгін арқаға салғанмен, асылында, адами болмысы сондай ерекше дараланған жан иесі ғана еңсесін тік, кісілігін кіршіксіз, абырой ар-ожданын айнадай таза ұстауды мұрат қылған.

Тарих • 09 Мамыр, 2020

Ерліктері ескерусіз қалған батырлар

ІІ дүниежүзілік соғысқа Шығыс Қазақстанның Тар­бағатай ауданынан 4831 азамат аттанса, 1630-ы қаза тауып, 1973-і хабарсыз кетті. Елге 1228-і аман оралған. Тарбағатайлық жауынгерлер Мәскеу, Ленинград, Курск, Тула қалалары мен Азия және Еуропа елдерін азат ету үшін көптеген шайқастарға қатыс­қан. Мен бүгін қан қасап­тың бел ортасында болса да, ­ерліктері ескерілмеген тар­бағатайлық батырлар Қа­бы­кен Жарылғасынов пен Қотырбай Құдагелдінов жайын­да айтқым келеді. Бір таңғаларлығы, екеуі де майданда көрсеткен ерліктері үшін ең жоғары марапат – Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда екеуіне де бұл атақ берілмеген.

Руханият • 09 Мамыр, 2020

Бірліктің қуаты қорғасыннан да мықты!

Өткен ғасырдың орта тұсына күндей күркіреп өткен ІІ дүние­жүзілік соғыстағы ортақ Жеңіс – ізгілікті аңсаған барша адам баласы біріксе, оны ешқандай кедергі тоқтата алмайтынын әйгілі етті. Болашақ мүддесi, адамзат тағдыры, бейбіт өмір жайы талқыға түсiп, таразы басын теңселтiп тұрған «тар жол, тайғақ кешу» шағында бұрын бір-бірін бақ байлар бақталас, ымыраға бас имес қарсылас санаған державалар аспан асты, жер үстін қара бұлттай жапқан түнек күшке, ажал сепкен тажалға қарсы бірікті, бірлесті, тұтасты. Осының арқасында алпауыт басқыншы тізе бүкті. Әлімсақтан жауыздықпен арасы бітіспеген ізгілік жаһандық деңгейде үстем түсті.