Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21610 материал табылды

Руханият • 09 Маусым, 2020

"Құдалық" - Рахымжан Отарбаевтың соңғы әңгімесі

Жайықты жайлаған жұрт жазушының мерейтойында көңіліне бір көлді байлап беріп, жағрафиялық картаға бедерлеп "Рахымжан көлі" дескен. "Аз ісімді көп қылды" деп масайрағаны да сол тұс. Өмірде аз қуанып, көп қам қылған қаламгердің шығармашылығы да сол көлдей, тебіреніп, толқып жататын кісілік даласындағы көркемдік көлі. Сусаған табар, аңқасы кепкен бас қояр. Рахымжан Отарбаевтың кейінгі жазған көп әңгімесі баспа бетін көрді, бағасын да алды. Соның ішінде көзден таса қалғаны осы "Құдалық" екен. Бұл сірә, қаламгердің соңғы шығармаларының бірі болса керек. Жазушымен жиырма жыл шығармашылық байланыста болған аға-досы, жазушы Несіпбек Дәутайұлына әңгімені "Egemen Qazaqstan"-ға ұсынғаны үшін алғыс айтамыз.  

Руханият • 09 Маусым, 2020

Қадырды күткен күн (эссе)

Естен кетсейші. Қайсыбір жылдың қазан айында ұлы актер Асанәлі Әшімұлының ұлдары Мәди мен Сағидың бірінің жылы, бірінің қырқы өтті. «Жас Алашта» осы күнге орайластырып «…Жан бөлек» деген атау­мен еске алу материалдары берілді. Нұртөре екеуміз газеттің 100 данасын алып бардық. Сол ортаға Рәтбек қажының сап ете қалмасы бар ма?

Оқиға • 09 Маусым, 2020

Парасат тақырыбындағы мурал

Алматыда Әл-Фараби даңғылы бойында (Меңдіқұлов пен Достық көшелерінің арасында) «Алматы – адалдық алаңы» аясында «Өз еліңді бұзба» муралы салынды. Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік қағидаларын сіңіруге арналған.

Оқиға • 09 Маусым, 2020

Адам өмірін құтқарып қалды

Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Әділбек Мархабай батылдығымен көпшіліктің алғысына бөленген жігіт.

Тарих • 09 Маусым, 2020

Қоқан езгісіне қарсы шыққан батыр

Халқымыздың бейбіт те бақытты ғұмыр кешуі үшін толарсақтан саз кешіп, етігімен су кешіп, тас жастанып, мұз төсеніп, күндіз күлкі, түнде ұйқыны ұмытып жаумен жағаласып өткен батырларымыз баршылық. Олардың қай-қайсысы болсын мақтануға тұрарлық, ерлік пен елдіктің асқан үлгісін көрсетіп кеткен сара саңлақтарымыз. Міне, сондай батырларымыздың бірі қазақтардың Қоқан басқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресінде ерен ерлігімен көзге түскен қолбасшы Мұсабек Қалдарбекұлы. Ол Арыс (қазіргі Ордабасы) ауданы «Бірлік» ауылында 1815 жылы дүниеге келген.

Қоғам • 09 Маусым, 2020

Праймериз – пайым мен парасат өлшемі

Батыс қасақана мойындағысы келмейтін тарихи жайт: Ұлы даланы ен жайлаған ата-бабаларымыз демократияда нағыз жаңашыл, инноватор болған. Кейін отарлану салдарынан ұмыт қалған көптеген демократиялық құндылық қазіргі кезде жаңа қалыпта елге қайта оралуда. Соның бірі – праймериз, қарапайым тілде айтқанда партияның әр өңірде өткізетін ішкі сайлауы.

Саясат • 09 Маусым, 2020

Елдік иммунитет сыналған жыл

Жоғары биліктің бейбіт жолмен ауысу процесі аяқталғаннан кейінгі жалпыхалықтық Президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қызметіне ресми кіріскеніне – тура бір жыл. Жаңашыл бастамалар мен идеяларға, қоғамдағы оң өзгерістер мен бедерлі бетбұрыстарға толы бұл жыл тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи жылнамамыздан ойып тұрып орын алары хақ. Оның үстіне қат-қабат келген тосын да, оқыс оқиғалар мен күтпеген сынақ-қатерлер елді тұтастыққа жұмылдыра түсті. Қиындықтардан шыңдалып шықтық. Көп нәрсеге көзқарасымыз өзгерді. Бар мен жоқтың айырмасын, рух пен жігердің күшін, тәуелсіздік мұратының құдіреті мен адам өмірінің қадірін шын сезіне білдік. Елдік иммунитетіміз сынға түскен осы бір шақта халық өзі сайлаған жаңа Президентіне арқа сүйеді. Үкілі үмітін артты. Мемлекет басшысы қиын-қыстау кезеңнің бүкіл ауыртпалығын елмен бірге бөлісе білді және тығырықтан шығудың жолын қапысыз тапты. Айтары жоқ, түйінді мәселелер рет-ретімен шешіле бастаған бұл жылдың есте қалған күрделі сәттері аз емес.  

Экономика • 09 Маусым, 2020

Шағын кәсіпкерлік шағын дүние емес

Экономиканың «құдайы» – қазақтың мұнайы саналған уақытта шағын және орта бизнесті ойлауға мұршамыз болмады. «Қара алтын» арқылы қазынаға құйылған қаржының буы көзімізді байлап тастаған-ды. Кіріптарлықтан кеше құтылғанымызды ұмытып, әңгімеміздің төркінін тек әлемдік дәреже-дәргей төңірегінде өрбітетін болдық. Иә, сол жылдары асып-тасып едік, енді асып-сасып жатырмыз. Бұрын құнды саналған, алтынға баланған дүниелер қазір құнсыз. Әлемді аласапыран күйге түсірген пандемия бізге осы жолы қандай жағдайда да құнын жоймайтын адами капитал екенін анық ұқтырды. Ал бізде адами капиталдың алып армиясы қайда шоғырланған?

08 Маусым, 2020

Оңтүстікафрикалық қоғам қайраткері Президентіміздің бір жылдық жұмысына баға берді

2020 жылы, 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның Қазақстан Республикасының жаңа (екінші) Президенті лауазымындағы ұлықтау рәсіміне бір жыл толады. Бірінші президенттік жылы Қазақстан лидері өз міндеттерін аса абыроймен атқарып, ішкі мәселелерді шешуде де, халықаралық сахнада да тиімді ынтымақтастық орнатуда үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Коронавирус • 08 Маусым, 2020

Коронавирусты жеңгендердің басым бөлігі қай аймақта?

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізде тағы 108 адамның коронавирустан жазылып шыққанын мәлім етті, - деп хабарлады Egemen.kz.