Канацеи – Сега ди Ала қалаларын жалғаған 17-кезең 193 шақырымға созылды. Аталған қашықтықты ең бірінші болып Israel Start-Up Nation командасының өкілі Дэниэл Мартин жүріп өтті. Ирландиялық спортшының уақыт көрсеткіші – 4 сағат 54 минут 38 секунд.
Жалпы есепте колумбиялық велошабандоз Эган Берналь (Ineos Grenadiers) 71 сағат 32 минут 05 секунд уақыт көрсеткішімен көш бастап келеді. «Астана» капитаны Александр Власов төртінші орында тұр. Ол Бернальдан 6 минут 3 секундқа қалып тұр.