Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20774 материал табылды

Саясат • 14 Қыркүйек, 2021

Қазақ-неміс орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ-неміс орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Елордада мұндай орталықты құру туралы келісімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсандағы Германияға алғашқы ресми сапары кезінде Берлинде қол қойылған болатын.

Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021

Тілім тілінбесін, елім бүлінбесін!

Кейінгі кезде қоғамның мемлекеттік тіл мәселелеріне деген қызығушылығы артуда. Бұл бір жағынан қуантады. Екінші жағынан, жағдай ашыған қамырдай күмпиiп бара жатқандай сезіледі. Ашынған кейбір азаматтар әлеуметтік желіде ащы-ащы пікір айтып, азаттық жылдарында тілге қатысты түк ілгерілеу болмағандай сөйлеуде. Шынында солай ма? Біржақты сын айызды қандырардай сүйкімді көрініп, бұқараның есiл-дертiн жаулап алатыны бар. Осы қызбалыққа бәріміз дем беріп, шиеленісті өршіте түссек не болмақ?

Президент • 13 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда жаңадан тоғыз су қоймасы салынады

Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Технология • 13 Қыркүйек, 2021

Ақпараттық қауіпсіздік: Осал тұстар жойылды

Қазақстанның Киберқалқаны бағдарламасы аясындағы «Ақпа­раттық қауіпсіздіктің жаңа мо­делін енгізу (қайта жүктеу)» цифр­­лы трансформациялаудағы не­гізгі жобаларының бірін іске асы­ру бойынша қорытындылары шығарылды.

Технология • 13 Қыркүйек, 2021

Цифрландыру саласындағы ынтымақтастық

Жуырда «Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында «Ресейдің Сбербанкі», Mail.ru және Yandex компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.

Президент • 13 Қыркүйек, 2021

Көптен күткен жағымды жаңалық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты көптеген маңызды мәселе қозғалды. Президент соның ішінде мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіру туралы да айтып өтті.

Президент • 13 Қыркүйек, 2021

Мектеп ауылды сақтайды

Дүние жүзін жайлаған коронавирус індеті­нің салдарынан мектеп пен жоғары оқу орындары­ның білім алушыларын қашық­тан оқыту барысында кемшіліктер мен олқылықтардың орын алғаны белгілі. Бұл мәселенің дұрыс әрі жылдам шешімін табуы мұғалімдер мен оқытушылар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Президент • 13 Қыркүйек, 2021

Асқаралы міндет жүктейді

Президенттің халыққа Жолдауы – қашанда жылдың басты құжаты. Сол себепті ұлы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, әр тыңдаған сайын «жыл келгендей жаңалық сезінеміз». Әлемге аранын ашқан аты жаман тәжді тажалдың адамзат атаулының еңсесін басып, байлаулы арғымақтай арынын қайтарып тастағаны рас.

Президент • 13 Қыркүйек, 2021

Ұлағатты ой ұстыны

Қасиетті Жер-Ананы жаратқан, күмбездей көк Аспанды шегесіз орнатқан құдіреті күшті, мейірім-шапағаты мол Алла тағаланың қазақ халқына сыйлаған жаннан тәтті, қаннан қымбат бақыты – ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік! Әлемдегі бес мыңнан астам ұлт пен ұлыстың тоқсан екісі ғана тәуелсіз болып, мемлекеттік деңгейге жетті.

Тәуелсіздік • 13 Қыркүйек, 2021

Тәуелсіздік игілігін сезінеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жа­риялаған барлық бастамалар­дың бағыты айқын. Ең маңыз­ды­сы, «Әр азамат­тың тәуелсіздік игі­лі­гін сезіне алуы, оның басты көрі­нісі елдегі бейбіт өмір, қоғам­да­ғы тұ­рақтылық пен тыныш­тық, ха­лық­тың тұрмыс сапасының жақ­саруы, жастардың болашаққа нық се­німмен қарауы» деп атап көрсетті.