Қоғам • 09 Тамыз, 2019
Той өткізу мәдениеті жоғары болуы керек
Біз көтергелі отырған бұл мәселе, яғни тойларды заман талабы мен адамдардың талғамына сай мазмұнды, жарасымды сән-салтанатпен өткізу жөніндегі әңгіме көпшіліктің көкейінде жүрген дүние. Алайда, өкінішке қарай, бұл мәселеге кейде жіті мән берілмей жатады. Ендігі жерде той өткізуге байланысты тың бастамалар мен түрлі ұсыныстарды тауып қана қоймай, оған жол ашар қадамдарды қолға алудың да қажеттілігі күн сайын сезілуде.
Руханият • 09 Тамыз, 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – «Мәдени мұра» және «Халық – тарих толқынында» сияқты іргелі бағдарламалардың заңды жалғасы ретіндегі Мәңгілік ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық құжат.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2019
Таңбалытас тағдыры толғандырады
Маң дала маңғаз қалпынан жаңылмай көсіліп жатып алды. Ұшы-қиыры жоқ ұлан далада біз бабалар ізін іздеп келе жатыр едік. Баялышты, қара жусанды, қызыл изенді, жуалы жазықтың жұпар иісі бас айналдырады. Алдымыздан оқта-текте орғытып ор қоян өтеді. Қарсақ жолымызды кес-кестейді. Кешегі қойдай өріп жүрген киіктерді, ақбөкенді бүгін емге таппайсыз.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2019
Отырар қайта ойрандала бастады ма?
Дүниежүзіне даңқы кеткен көне шаһарымыздың бірі – Отырар. Ескіше айтсақ, Түркістанда, жаңаша бағамдасақ, Орталық Азияның орта ғасырлық тарихында аса маңызды рөл атқарған қаланың дәл өзі осы «соры қайнаған» Отырар. (Неге соры қайнаған? Оған дабыл мақаланы оқу барысында көз жеткізесіз.) Басқасын былай қойғанда, Отырар ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің Отаны райында да дүние-ғаламға кең танымал. Көне деректер қаланың тарихтың бір кезеңдерінде күллі түріктің, Түркістан атты тарихи аймақтың астанасы болғанын айғақтайды.
Әлем • 08 Тамыз, 2019
Қырғызстан ІІМ Атамбаевтың ұсталғанын ресми хабарлады
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген шаралары нәтижесінде Алмазбек Атамбаев ұсталды, деп хабарлайды Кабар агенттігі Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.
Әлем • 08 Тамыз, 2019
Қырғызстан Президенті: Біз халықтың бөлінуіне, тұрақсыздық орнауына жол бермейміз
«Біз халықтың бөлінуіне , тұрақсыздық орнауына жол бермейміз», деп мәлімдеді Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламенттің кезектен тыс отырысында. Бұл туралы «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Әлем • 08 Тамыз, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Экономика • 08 Тамыз, 2019
Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
7 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласына қарасты Байқоңыр аудандық әкімдігі, Байқоңыр аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері «Алаш», «Автогрант», «Сапа», «Big Шанхай» сауда орталықтары мен базар басшыларымен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Үкімет • 08 Тамыз, 2019
Асқар Мамин Қырғызстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады
2019 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Әлем • 08 Тамыз, 2019
ҚТЖ Ташкентте жаңа мүмкіндіктерін таныстырды
Ташкент қаласында трансқазақстандық бағыттарда контейнерлік сервисін дамыту перспективалары және жаңа мүмкіндіктері туралы бизнес-форум шеңберінде «KTZ Express» АҚ жаңартылған қызмет түрлерінің тұсаукесері өтті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.