Бүгінгі күні 4 053 құжат қараудан ɵттi. Оның 154-і орындалды, 925 - і атқарушылық өндіріс тоқтатылды, 3000 іс өндіріп алушыларға орындалмай қайтарылды.
Жеке сот орындаушылар қарауында 13 523 құжат қалды. Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған жүйесіне сәйкес 6 692 құжат уақытында орындалуда, 747 - уақытша тоқтатылған.
Сонымен қатар алимент өндіру туралы 1716 атқарушылық іс жүргізу проблемалы болып саналады. Яғни борышкерлер тиісті алименттерді мүлде төлемейді. Тағы 4368 құжат бойынша тұрақсыз төлем жүргізеді.
Қаланың құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.