Қайғылы хабарды Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының өкілдері растады.
Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Қазақ ССР және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Қазақ киносы мен театр саласына өлшеусіз еңбек сіңірген актриса.
Ол қазақ киносының алтын қорына енген «Менің атым Қожа» фильміндегі Майқанова рөлін сомдаған. Сондай-ақ актриса «Балалық шаққа саяхат», «Балам менің», «Бұғы адам», «Найзатас етегінде», «Қанабек», «Айсұлу туралы ертегі», «Желкен», «Менің әпкем», «Түнек әміршісі» фильмдерінде ойнады.
Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 7 қарашада өтеді.