Рекорд • Бүгін, 08:12

Әжелердің айрықша рекорды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғам­дық бірлестігі Алматы қаласы мен Алматы облысын­дағы филиалының мүшелері, яғни ақжаулықты әжелер ұзын­дығы 112 метрді құрай­тын «Жылдың төрт мезгілін бейнелейтін сырлы сырмақ» атты айрықша туындысымен әлемдік рекордтар кітабына енді.

Әжелердің айрықша рекорды

Бұл бастама – қазақ әжелерінің ұлттық дәстүрге деген шексіз құрметінің  көрінісі.  Олар бір жыл бойы арнайы биязы жүннен басылған жұқа киізге басқа түсті киізден немесе матадан ою-өрнек сырып, астар салып тікті. Оған қошқар мүйіз, түйе табан, сынық мүйіз сынды бес түрлі түспен көмкерілген ою-өрнектің классикалық үлгісін пайдаланды.

Аталған туынды Наурыз мейрамында алғаш көрмеге ұсынылды.  Сырмақты тұрғындармен бірге  «Әлемдік рекордтар кітабының» өкілдері де тамашалады.

Сырмақты жасағандар ішінде  Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округінің әжелері де болды. Таяуда ауылдық округ әкімінің орынбасары Ескендір Егеубек ақжаулықты әжелерге алғысын білдіріп, «Әлемдік рекордтар кітабы» ұйымы жіберген сертификатты ресми түрде табыс етті.

 

Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ

Алматы облысы,

Қарасай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті

Экономика • Бүгін, 11:00

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Шаруашылық • Бүгін, 09:15