Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20770 материал табылды

Пікір • 25 Наурыз, 2021

Әлихан Бөкейханның экономикалық көзқарасы

Алаштың ардақтысы, көрнекті мемлекет қай­раткері Әлихан Бөкейхан − қазақтың дәстүрлі халық шаруашылығын жан-жақты жүйелі зерттеген тұңғыш экономист-ғалым. Ол – жоғары экономикалық білім алған алғашқы қазақтардың бірі. Соның бір дәлелі, 2018 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік орман институтының бас ғимаратында «Әлихан Бөкей­хан 1890-1894 жж. оқыған» деген естелік тақта орнатылды.

Елбасы • 25 Наурыз, 2021

Әлем таныған тұлға

Қазақстан XXI ғасырдың басында қоғамдық-саяси бағы­тын орнықтырып, әлемдік қоғам­дастықтың жауапты әрі сенімді серіктесі ретінде танылды. Бұл Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен жүргізілген Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының өзара үйлесімділік пен ынтымақтастыққа, іскерлік пен кәсібилікке негізделуімен түсіндіріледі.

Оқиға • 25 Наурыз, 2021

Наурыз мерекесіне орай құттықтаулар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлады Akorda.kz.

Әлем • 25 Наурыз, 2021

Сингапурлықтардың 90 пайызының өз үйі бар

Әлемде аз уақыт ішінде дамып, озық елдер қатарына қосылған мемлекеттердің мысалы көпке үлгі бола алады. Дүние жүзі ғалым­дары мен сарапшылары Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің даму стра­тегиясы мен экономикалық жетістігіне баса назар аударып келеді. Со­лар­дың бірі Сингапурдың өзіндік моделін ерекше деуге толық негіз бар.

Руханият • 24 Наурыз, 2021

Жамбыл және Арқа ақындары

Тегеурінді жырау, текті ақынның ел ішіндегі шығармашылық байланыстары туралы айтылғанда, ең алдымен қаперге алынатыны – оның Жетісу ақындарымен дос-жаран, өнер адамы ретінде тығыз араласқандығы. Туып-өскен өлкесі Жетісу өңірі болғандықтан да, Жамбылдың көбірек қарым-қатынас жасағаны өзінің жерлестері болып келуі табиғи нәрсе. Ал оның басқа өңірдің сөз шеберлерімен байланысы болды ма, жоқ па, деген мәселе арнайы ауызға алына бермейді. Тіпті Жамбылдың Жетісудан өзге өлкелердегі өнерпаздармен шығармашылық әрі тұрмыстық деңгейдегі аралас-құраластығы жөнінде соңғы жылдары мүлде ескерілмей бара жатыр.

Әдебиет • 24 Наурыз, 2021

Жаңа күн жарығы

Ежелгі түркілердің ұғы­мында Ұлыстың ұлы күні – ең ал­ғашқы күннің көкжиектен тууы, ең алғашқы бәйшешектің гүл атып қауыз жаруы, ең тұң­ғыш төлдің шарананы жарған қа­сиетті сәті, табиғат ананың буса­нып, бүкіл ғаламды, өмірді жарат­қан ілкі мезеті болып санала­тын.

Әлем • 24 Наурыз, 2021

Рұқсатсыз вакцина салу қылмыс па?

Таяуда Еуропалық комиссия «цифрлы онжылдық» құжатын қабылдады. Онда 2030 жылға дейінгі цифрлы технология саласындағы өзекті мәселелер қамтылған. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» жариялап отырған мақалалардың біреуі осы мәселеге арналған. Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Хосеп Боррел мен Еуропалық одақтың Бәсекелестік жөніндегі комиссары Маргрет Вестагер бірлесіп әзірлеген мақалада қарт құрлықтың цифрландыру саласындағы көзқарасының маңызы жайлы сөз қозғалады. Автор­л­ардың сөзіне сүйенсек, Еуропалық одақ әлемдегі цифрлы технология саласын дұрыс бағытқа бұруға қабілетті. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қарт құрлықтың ше­неу­ніктері тиісті шараларды іске асырып, халықаралық ынтымақтастық орнатуы қажет. Принстон университетінің биоэтика профессоры Питер Сингер АҚШ-тағы мынадай қызық оқиғаға тоқталады. Тұрғындарға вакцина салуға жауапты Хасан Гокал артық қалған екпелерді басқа адамдарға егеді. Кейінірек осы әрекеті үшін жұмыстан шыға­рылып, жауапқа тартылған. Автор осы оқиғада дәрігерді қудалағандарды сынға алады. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасының мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Өнер • 22 Наурыз, 2021

Наурыз - жыл басы

Бүгінгі күніміздің бүтін бір бөлігіне айналған Наурыз мерекесі тар жол, тайғақ кешуі көп қилы кезеңнен өткені баршамызға мәлім.

Қазақстан • 22 Наурыз, 2021

Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай өмірден өтті

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтардың иегері, белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай өмірден өтті.