Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20845 материал табылды

Коронавирус • 06 Сәуір, 2021

Коронавирусқа қарсы салынатын вакцина бойынша гид

1. COVID-19-ға ҚАРСЫ САЛЫНАТЫН ВАК­ЦИ­НА ҚАУІПТІ МЕ? Вакцина инфекциялық агенттерді – ауру тудыруы мүмкін вирустарды, бактерияларды немесе басқа да микроорганизмдерді имитациялайды. Осылайша, адамның иммундық жүйесі тез және тиімді жауап беруге «үйренеді». COVID-19-ға қарсы вакциналау кезінде ауру тудырмайтын, бірақ, сонымен қатар, иммундық жауапты қауіпсіз генерациялайтын, инактивацияланған немесе әлсіздендірілген вирусты пайдалана отырып фрагменттер қолданылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаппай қолдануға рұқсат берген вакциналар ауруларға қарсы күресте олардың қауіпсіздігін және тиімділігін дәлелдеу мақсатында міндетті түрде тестілеуден және клиникалық сынақтардан өтеді, сондай-ақ ұлттық реттеуіш стандарттарына сәйкес келетіндігі тексеріледі.

Оқиға • 06 Сәуір, 2021

Қабдеш Жұмаділов

Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сый­лықтың лауреа­ты, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.

Әдебиет • 05 Сәуір, 2021

Елге елеулі азамат еді

Қасиетті Түркістан өлкесі – талай ғұлама ғалымдар мен ақын-жазушылардың, әулие-әнбиелердің, елді аузына қаратқан өнер адамдарының, әлемде теңдесі жоқ «қара күш иесі» атанған Қажымұқанның мекені болғаны әмбеге аян. Әлем мұсылмандары оны «Екінші Мекке» деп те атайды. Осы Түркістаннан түлеп ұшқан орта буын ақындарымыздың бел ортасында болуға құқы бар, бірақ республикамыздың көп оқырмандары біле бермейтін, тасада қалып қойған таланттың бірі – ақын Сұлтанқұл Сәметов дер едім.

Таным • 05 Сәуір, 2021

Қилы заманның хикаялары

Қазақ көркемсөзінің көшелі кө­шінде талантымен танылған, шы­ғармашылық шеберлігі шың­дал­ған көрнекті жазушы Кәдірбек Сегіз­байұлы сексеннің сеңгіріне шық­ты. Ол осынау мерейлі жасын жаңа шығармасымен қарсы алып отыр. Шау тартса да шабытына тұсау түспеген жазарманның қазақ елінің кешегі қилы кезең, зұлмат замандағы өмір өткелдерінен сыр сабақтаған «Тағдыр толқыны» романы тақырыбы тосын болмаса да, кестеленуі көркем, түйіні тәлімді туынды. Уақыт бөліп оқып шыққан оқыр­манның қай-қайсысы да біз­дің пікірімізді қоштай кетеріне сенім­дімін.

Әдебиет • 05 Сәуір, 2021

Жамбыл жырлары – Мажарстанда

Биыл туғанына 175 жыл толған «Дала Гомері» деп атанған данагөй тұлға, ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың даңқы ХХ ғасырда әлемге мәшһүр болды. Еуропада отырғанымен ежелгі ғұндар мен қыпшақтардың бекзат салтын жаңғырта білген мажарлар кезінде жыр алыбына ерекше назар аударыпты. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясы  жариялаған «Жамбыл жырлары мажар тілінде» атты зерттеу еңбектің оқырманға берер дерегі мол.

Елбасы • 05 Сәуір, 2021

Елбасы және алыстағы ағайын

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ке­зең­д­е Қазақстан Республикасы әлеу­меттік-экономикалық, мәде­ни-ру­хани, ғылым-білім саласында үлкен табыстарға жетті. Елі­міздің мұндай биік деңгейге көтерілуі, ең алдымен, Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың ұшан-теңіз еңбегінің нәтижесі. Тұңғыш Пре­зи­дентіміздің ерен еңбегінің ең бас­ты­ларының бірі – әлемнің әр түк­пірінде шашырап жүрген сан мил­лион қазақтармен тығыз байланыс орнатып, олардың атажұртқа көп­теп оралуына кең жол ашуы болды.

Пікір • 05 Сәуір, 2021

Бейбіт өмірдің тірегі

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүкіл әлем халқы мен көш­бас­шыларына арналған тарихи манифесті осыдан бес жыл бұрын, 2016 жылғы 31 наурызда Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммитте жарияланған еді.

Оқиға • 05 Сәуір, 2021

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының үшінші маусымы

Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры «Қазақстан мұғалімі» беделді ұлттық сыйлығының үшінші маусымын іске қосады. Сыйлық жеңімпазына 10 мың доллар ақшалай сыйлық беріледі, үздік 10 финалистің сауалдамалары педагогтерге ар­налған Нобель сыйлығының аналогы – «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу турына қатысуға бағытталады, онда жеңімпаз 1 млн доллар алады.

Білім • 05 Сәуір, 2021

«Жас маман» жобасы: Жастар үшін бірегей дағдылар мен құзыреттер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз сондай-ақ кәсіптік білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға қайта бағдарлауымыз керек», деп атап өтті.

Білім • 05 Сәуір, 2021

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері де қамтылса...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында қашықтықтан оқуға көшу жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгерткенін айта келіп, еліміздегі жағдайда мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні WhatsApp-тан бас көтермейтінін сынға алған еді. Бұл сыннан қорытынды шығару – мұғалімдердің ғана емес, мектепке оқушыларды дайындайтын балабақша педагогтерінің де міндеті.