Қазақстан • 18 Шілде, 2022

Азық-түлікпен қамтамасыз ету басымдыққа ие

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев ГФР Азық-түлік және ауыл шаруашылығы Федералды министрі жанындағы статс-хатшы Офелия Никпен кездесті.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету басымдыққа ие

Әли Бектаев Қазақстан ма­ңызды тарихи даму кезеңінде екенін атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасы бойынша барлық салада кешенді және жүйелі өзгерістер жүр­гізілуде. Еліміздің саяси жүйе­сін одан әрі демократияландыру – басты бағыттардың бірі. Ре­формалардың бәрі ахуалдық тұр­ғыда емес, стратегиялық си­пат­қа ие.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, органикалық өнім өндіру және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету – Қазақстандағы басымдықтардың бірі. Қазақстан жаңартылатын және балама энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергетика үлесін тұтынатын барлық энергияның кемінде жартысына жеткізуге ниет­теніп отыр», деді сенатор Әли Бектаев.

Офелия Ник өз кезегінде жы­лы шырайлы қабылдау мен ел­дер арасындағы екіжақты ынты­мақтастық мәселелерін талқылау мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.

Тараптар кездесу барысында еліміздің Салық кодексіне қабылданған түзетулерді, оның ішінде инвестициялар көлемі мен мерзіміне және жұмыс орнына байланысты инвесторларды корпоративтік, табыс, жер салы­ғынан және қосымша құн салы­ғынан 10 жылға дейінгі мерзімге босатуға мүмкіндік беретін жайттарды талқылады.