Саясат • 18 Шілде, 2022

Сенаторлар ел аймақтарында халықпен кездесті

247 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сенатор Дана Нұржігіт жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының бірқатар өңірін аралап, жергілікті халықпен кездесіп, палата қабырғасындағы жұмыстар бағыты туралы баяндады. Ол Қазалы ауданына қарасты Лақалы ауылында болып, оның жай-күйімен танысты.

Сенаторлар ел аймақтарында халықпен кездесті

Депутат ауыл орталығында орнатылған «Құрмет алаңының» ашылуында болып, мұндағы жаңадан салынғалы жатқан мешіттің алғашқы іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Сондай-ақ сенатор ауыл тұрғындарымен еркін форматтағы кездесу өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенатор Рысқали Әбдікеров Қа­рағанды облысына жұмыс сапары аясында Нұра және Шет аудан­дарының тұрғындарымен кездесті. Сонымен қатар Қарағанды, Саран және Теміртау қалаларындағы әлеу­меттік маңызы бар нысандарды аралады. Кездесу бары­сында депутат жерлестеріне Пала­таның заң шығару жұмыстары ту­ралы жан-жақты айтып берді. Ау­дан тұрғындары өз кезегінде сена­торға байланыс пен интернет­ке қол­­жетімділік мәселе­лерін кө­тер­ді. Депутат азаматтар­ды толған­дыр-
­ған барлық сұраққа жа­уап беріп, көтерілген мәсе­ле­лер мен ұсы­ныс­тар жеке бақы­лауға алы­на­ты­нын жеткізді. Қала­лардың әлеу­мет­тік маңызы бар ны­сан­дары­ның қыз­меткерлерімен кездесуде сенатор Конституциялық реформа­лар мен Мемлекет бас­шысының ре­­­фор­­маларын жүзеге асыруға ба­ғыт­­тал­ған Парламенттің алдағы заң шы­ғару жұмыстары туралы да айт­ты.

Сенат депутаты Бекболат Орын­­беков Тараз қаласында сапарда болып, бірқатар нысанның жұ­мысымен танысты. Сенатор «Арай-2» шағын ауданындағы әлеу­­меттік дүкенде, «Арай» және «Барысхан» тұрғын алқап­тарын­дағы мектептерде, аудандық жы­л­ыту қазандығында (РК-4), 200 орынды онкологиялық ауруханада, 150 орынды оңалту орта­лығында, 15 шағын ауданында және Талас өзенінің жағалауында болып, нысандардың жағдайымен танысты. Депутат мектеп, оңал­ту орталығы құрылыстарын және өзен жағалауын бекіту жұмыс­тарын мерзімінде әрі сапалы аяқ­тауға назар аударды. «Таразэнер­го­орталығы» АҚ-ның апатты жағ­дайдағы мұржасын жөндеу, аудан­дық қазандық маңынан қосалқы қазандық салу мәселелерін қа­растыру керек екенін айтты.

Сенат депутаты Ольга Булав­кина жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облы­сының Шемонаиха ауданында болды. Депутат Рулиха ауылын­дағы тауарлы-сүт фермасы мен Пруг­герово ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысымен таныс­ты. Пруггерово ауылында бол­ған кезде сенатор жалпы құны 464 миллион теңгеден асатын су құ­быры құрылысының барысын көрді. Қазір құбырдың құрылысы аяқталуға жақын. Облысқа сапары барысында көтерілген түйткілді мәселелердің барлығын депутат бақылауда ұстауға уәде берді.

Сенат депутаты Нариман Төре­­ғалиев жұмыс сапары аясын­да Батыс Қазақстан облысы Қазта­лов ауданының бірқатар елді меке­нін аралап, жергілікті тұрғын­дармен кездесті. Жиынға қаты­су­шылар тұрғындардың түйт­кілді мәселелерін, сондай-ақ қабыл­­данған бірқатар заңды талқы­лады. Сенатор Қазталов ауда­нын­дағы Сарықұдық, Жал­пақ­тал, Қара­өзен, Жұлдыз, Қазталовка ауыл­дар­ындағы білім беру ны­сан­дарының құрылыс барысымен және жол­дардың жағдайымен танысты.

Сенат депутаты Мұрат Бақ­тиярұлы жұмыс сапарымен Қы­зылорда облысының Жаңақорған ауданында болды. Сенатор бақша дақылдарын өндіру барысымен танысып, Жайылма ауылының диқандарымен кездесті. Қарбыз өндірісі – ауыл тұрғындарының жыл сайынғы негізгі табыс көзі. Депутат бұл мәселелерді облыс ди­қандарымен талқылады. Ол сондай-ақ Сүттіқұдық ауылдық округіндегі 800 гектар жаңа суармалы жерді айналымға енгізуге арналған ин­фрақұрылым құрылысымен таныс­ты. Жұмыс сапарының соңында жергілікті атқарушы органдармен кездесу барысында облыстың түйткілді мәселелері талқыланды.