• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2016

Зика безгегі Қытай астанасына жетті

270 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 мамыр. Қытай астанасы Бейжің қаласында зика безгегін жұқтырған алғашқы адам анықталды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәліметтер бойынша, Шаньдун провинциясының түрғыны 29 жастағы әйел 13 мамыр күні Венесуэладан оралған екен. Аталған елден қауіпті ауруды жұқтырып келгені арнайы зертханалық тексерістен кейін анықталды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, үзбей ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында өткен жексенбі күні, яғни 15 мамырда он екінші адамның зика безгегіне шалдыққаны белгілі болды. Ол да жақында ғана Венесуэладан келген 37 жастағы әйел адам. «Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осыған дейін аталған ауруды жұқтырған Аспанасты елінің тұрғындары Латын Америкасына барған сапарларында жұқтырған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС.