• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2016

Жастар театрында «Лифт» драмасының премьерасы өтеді

400 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 мамыр. Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры осы жылдың 26-27 мамыр күндері Сая Қасымбектің «Тексіздер» пьесасының негізі бойынша қойылған «Лифт» психологиялық драмасының премьерасын өткізеді. Бұл туралы Жастар театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қойылымның қоюшы режиссері – еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев. Ал қоюшы суретшісі – Ерлан Тұяқов. Драмада жаңа заманның ең үлкен мәселесі – ұлтсыздану мен ұрпақ тексізденуінің негізгі түйткілдері айтылып, психологиялық тұрғыдан терең талдау жасалады. Онда қоғамдағы өзекті мәселеге айналған ұлттың болашағы, бүгінгі ұрпақтың мәдениетсіздікке ұмтылуы секілді тұстары астарлы оймен суреттеледі. Сондай-ақ, өскелең ұрпақты аталған дерттен арылтуға, санасына жақсы қасиеттерді сіңіруге ұмтылады. Аян Әбдуәли. Дерек: Жастар театрының баспасөз қызметі. Фото: el.kz.
Соңғы жаңалықтар