• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2016

Жекпе-жек шеберлері полицейлерді жаттықтырды

325 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 17 мамыр. Қарағандыда облыстық ММА аралас жекпе-жек федерациясының өкілдері жергілікті полиция қызметі жол патрульдік полициясы полкінің қызметкерлеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді. Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. ММА аралас жекпе-жектен Қарағанды облысы құрамасының және TOP TEAM MMA KARAGANDA клубының аға жаттықтырушысы Самат Бердешұлы Қожахметов тәртіп сақшыларына бір жарым сағаттай жекпе-жектің тәсілдерін көрсетіп, дайындық жаттығуларын жүргізді. Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясының командирі, полиция полковнигі Сымбат Төребеков өз атынан және жеке құрам атынан өткізілген шеберлік сабағы үшін федерация өкілдеріне алғыс айтты. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.