• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2016

Полиция қызметкерлері марапатталды (фото)

559 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 17 мамыр. Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы аса ауыр қылмысты ашқан үш полиция қызметкерін жеке құрамның алдында марапаттады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы жылдың 11 мамыр күні Қарағандыдағы орталық саябақта белгісіз біреу 39 жасар әйелді тонап кеткен. Осы оқиға бойынша шұғыл тапсырма алған құрамында бөлімше командирі, полиция старшинасы Архат Сәдуақасов, полиция старшинасы Талғат Ілиясов және полиция аға сержанты Игілік Алтынбеков бар автопатруль күдіктіні ізін суытпай ұстады. Қызмет барысында көзге түскен полиция қызметкерлерін Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев марапаттап, оларға Ішкі істер министрлігінің таңба белгісі бар қолсағаттарын табыс етті. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.