Энергетика министрлігі өңірлерде бейнеконференцбайланысты қамтамасыз ету арқылы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың халық алдында есепті кездесуін өткізу күні ағымдағы жылдың 31 мамырынан 7 маусымға өзгертілгендігі жөнінде хабарлайды.
Кездесу барысында Энергетика министрі атқарылған жұмыстар, мұнай-газ, мұнай-газ-химия, көмір, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы егжей-тегжейлі баяндайды және қойылған сұрақтарға жауап береді.
Есепті кездесу 2016 жылғы 7 маусымда сағат 15.00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4, «Қазмедиа орталығы» ғимараты, Киноконцерт залы.
Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда 8 (7172) 786862, 786884 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды немесе a.atantaeva@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz электронды мекенжайларына жолдауыңызды сұрайды.
Берілген сілтеме арқылы http://energo.gov.kz/index.php?id=5451 ҚР Энергетика министрлігінің сайтында сұрақтар қоюға болады.