• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2016

Қағаздан бас алмайтындары несі?

241 рет
көрсетілді

Біздің облысқа Болат Бақауов­тың әкім болып тағайын­дал­ға­нына көп уақыт өткен жоқ. Сөйтіп, әдет­тегідей жиын­дар, әкім­дік оты­­­­рыс­тары, бри­фингтер, кез­десу­­­­лер бас­талды. Олар да керек шы­­­ғар. Бірақ, сол басқосуларда Болат Ба­қауов алдындағы қағаз­д­ан бас көтер­­мейді. Жинал­ған жұрт, теле­ди­­дар­­дан қараған көпшілік об­лыс әк­і­мі­нің көздерін көр­мейді. Жиын бас­­тал­ған­нан-ақ, орыс тілін­де ж­азы­л­­ған мәтін­ді оқи береді, оқи бе­­ре­ді. Жұрт­қа қарамайды. Ме­­ре­­ке, сал­та­нат­­тар­да да қолына бү­­­­ріс­­­­­­ті­­­­р­іп жар­ты бет қағаз алып шығады. Білімді, білікті әкімдер елдің, жергілікті жердің жағдайын бес сау­сағындай білулері керек. Қағаз­ға қарамай сөйлеу – өңір­дің жағ­да­йы­нан жақсы хабар­дар деген сөз. Қағазға қарау­дың да ор­ны, жө­ні, жосығы бар. Ал облыс әкі­мі­­­нен көрген орын­басарлары да, аудан, қала әкім­дері де сөйтеді. Мы­­са­­лы, Лебяжі ауданының әкімі Серік Жанғазинов те ауылдастарының ал­дында қолын­дағы қа­ғаз­ға жа­зыл­ғанды оқып тұрады. Тіп­ті, кейбір әкімдер қазақ тілінде сөй­­ле­мей-ақ қойса екен дейтін бол­­дық. Бүйтіп, тілді бұрап қор қыл­­ған­ша, орысша-ақ сөйлей бер­гендері жақсы. Екінші бір айтарымыз, бас­шы­лардың, жауапты лауазым­дағылардың халықтан алыстамай, яғни кабинеттеріне тығылмай, елге жақын жүргендері дұрыс болар еді. Кеше ғана кеңес өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев журналистерден, жалпы, қоғамнан қашатын шенеуніктер мен сая­саткерлерге ескерту жаса­ды: «Біз Экономикалық ынты­мақ­тас­тық және даму ұйымының стандарттарына талпынып, әлем­дегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз деген мақсат ұстанып отырмыз. Осы ұйымдағы, жалпы, дамыған елдердегі ең бір жақсы стандарт – бұл елдердің үкіметі халық алдына күнде шығады, үкімет мүшелерінің барлығы қоғам алдында құрдай жорғалайды. Ол елдердің министрлері бір мәселе туындай қалса, жедел пікір білдіреді. Ал бізде қалай? Менің айтарым, брифингке келіп, журналистердің алдында қағазға жазылған мәтінді оқып беру – ақпараттық жұмыс емес... Біз­дің министрлер брифингтерде жур­налистерден қашқанда, алдына жан салмайды, қарапайым сұраққа жауап бермейді», – деді Президент. Біздің де әкімдерге, басқа да басшы лауазымдағыларға «Қағаз­дан басыңды көтер, халыққа түзу қара!» дегіміз келеді. Елбасы айт­қан­дай, «қоғамнан «тығылу» тиім­сіз жұмыстың басты себебі. Сая­сат­­кер халықпен сөйлесіп, қоғам­ның сенімін жаулап алуы керек. Ха­лық­пен жиі-жиі кездескен дұрыс...». Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы