• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2016

Ақтөбеде тестілеу орталығы ашылды

263 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 18 мамыр. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің жанынан тестілеу орталығы ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оның ашылу рәсімінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сөз алып, еліміздің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуі үшін білім беру саласының да үлесі мол болуы қажеттігін, ел экономикасының қарқынды дамуы білімді жастарға, білікті мамандарға тәуелді екенін атап өтті. Содан кейін ол білім беру саласындағы жетістіктерге тоқтала кетті. «Соңғы 3 жылда біздің облыстың білім беру саласы үшін бюджеттен 164 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Осы қаржыға 6910 орынға арналған 30 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Қандай қиын жағдайға қарамастан, бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретін болады», деді өңір басшысы. Ұлттық бірыңғай тестілеу — білім сапасының көрсеткіші. Биыл облыстағы 422 мектепті 6510 түлек бітіреді. Олардың 4820-сы (77 пайызы) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Мұнда Ақтөбе қаласындағы 23 мектептің түлектері ҰБТ тапсырады. Бұл мектептерді1058 оқушы бітіреді. Соның 878-і тестілеуге қатысуға өтініш берген. Өз сөзінде Бердібек Сапарбаев мектеп басшыларына мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға моральдық-психологиялық тұрғыдан даярлау керектігін қадап айтты. Осыған орай мамыр айының 21-і мен 29-ы күндері жаңа ғимаратта өтетін сынама тестілеуге ҰБТ-ға өтініш білдірген барлық түлектер қатысады.  Келесі жылдан бастап бұл орталықта тек мұнда бекітілген 23 мектептің ғана емес, қаладағы барлық мектептің оқушылары сынама тестілеу тапсырады. Салтанатты шара барысында сөз алған С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің президенті Бекежан Ахан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен аталған оқу ордасының 20 жылдық мерейтойы аясында университетте екі бірдей нысанды ашу жоспарланғанын айтты. Мұның бірі — тестілеу орталығы болса, екіншісі — технопарк.Болашақта технопарк те пайдалануға беріледі. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, фото: egemen.kz // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e