• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2016

Ақтас ауылында бір адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

451 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 18 мамыр. Кеше Қарағанды облысындағы Ақтас елді мекенінде тұрғындар арасында болған кикілжің кезінде мылтық атылып, салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазіргі уақытта тұрғындар арасында туындаған жанжалдың нақты себептері анықталуда. Кикілжің кезінде бұзақылардың бірі қару алып, 34 жастағы ер адамды атқан. Ауыр жарақат алған ол ауруханаға жетпей қайтыс болып кетті. Қылмыстық полиция қызметкерлері күдіктіні сол күні қамауға алып, оқ атылған мылтықты тәркіледі. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындады. Оқиғаға қатыстылардың барлығы анықталып, оларды ұстау бойынша тиісті шаралар іске асырылып жатыр. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Фото: nahnews.org.