• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2016

Курчатов қаласында балаларға арналған орталық ашылды

310 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 18 мамыр. Курчатов қаласында Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мақсатында балаларға арналған ойын-сауық кешені ашылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бірнеше секциялардан тұратын жаңа нысанда балалардың уақыттарын көңілді өткізіп, алаңсыз ойнауына жағдай жасалған. Мұнда батуттар, әткеншектер, ролик алаңы, қорғандар мен үрме сырғанақтар қойылған. Сондай-ақ, 150 орынға есептелген банкет залы бар. Барлығы 118 миллион теңгеге салынған жаңа нысанда балалар мерекесін өткізуге болады. Сонымен қатар, шағын қалада алдағы уақытта «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында азық-түлік дүкені ашылады. Думан Анаш. Дерек, фото: Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы.