• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2016

Шығыс Қазақстанда жауапсыз мердігерлерге шара қолданылады

307 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 18 мамыр. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жауапсыз мердігерлер тізіміне енгізу туралы талап-арыздарды сотқа уақытында ұсынуды және бақылауды күшейтуді талап етті. Себебі, өз ісіне салғырт қарайтын компаниялардың іс-әрекеттерінің кесірінен бірқатар нысандар әлі күнге дейін пайдалануға берілмей отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сонымен қатар, осыған дейін облыстық құрылыс басқармасының бірде-бір жұмыс мерзімінің бұзылу дерегі бойынша дер кезінде сотқа талап-арыздарды ұсынбағанын айтты. Бүгінде 24 мемлекеттік сатып алуға қатысушының тек үшеуі ғана жауапсыз болып танылып, екі жыл бойы тендерлік үдерістерге қатысу құқығынан айырылды. «Себебі, құрылыс басқармасында жауапсыз мердігерлердің нақты тізімі болмаған. Осы мәселе бойынша заңнамаға сәйкес жұмыс істеп, дереу сотқа арыз беру керек. Барлық мемлекеттік органдар осы мәселеге назар аударулары тиіс», – деді Даниал Ахметов. Осындай компаниялардың әрекетінен қан орталығының, балабақшалардың, мектептердің, интернат үйінің, оңалту орталығының және өзге де көптеген әлеуметтік нысандардың құрылысты аяқтау мерзімдері ұзаққа созылды. Осыған байланысты бүгінгі таңда төрт мектептің құрылысы, Зырян ауданындағы оңалту орталығына тиесілі әкімшілік ғимараттың және тағы төрт нысанның жаңғырту жұмыстары аяқталмаған. Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 118 құрылыс нысанының салыну кестесінің мерзімі бұзылды. Думан Анаш. Дерек: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фото: egemen.kz.