• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2016

Қостанайда газдың бағасы нақтыланбай тұр

395 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 18 мамыр. Қостанай облысы еліміздегі газдың бағасы бекітілмей отырған өңірлердің бірі. Коммуналдық кәсіпорындар ұсынған газдың әр текше метріне 10,6 теңгені қоғамдық кеңес мүшелері өте қымбат деп отыр. Облыс әкімінің бұл туралы қаулысын қоғамдық кеңес мүшелері осымен үшінші рет қайтарып жіберді. Бұл туралы alau.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қоғамдық кеңестің осыдан бұрынғы екі отырысына қатысқан «КазТранГаз Аймак» компаниясының өкілдері айтылған ескертпені елемеді. Үшінші отырысқа коммуналдық кәсіпорын өкілдері келген жоқ. Сондықтан олардың мүддесін энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдері қорғады. Қоғамдық келісім мүшелері «КазТрансГазАймак» кәсіпорнының есеп құрылғысынсыз қала халқы үшін газдың мөлшерін бекітуіне наразылықтарын білдіруде. Қоғамдық келісім мүшелері газ пайдаланудың мөлшерін бекіту газ тасымалдайтын компания өкілдері отырысқа келіп, түсіндіргенде, тыңдағанда, ескертпемен санасқанда ғана мүмкін болатынын мәлімдеді. Оған дейін көгілдір отынның ақысы жаңа бағамен қанша болатыны қостанайлықтарға да белгісіз күйде қалады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: alau.kz.