• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2016

Солтүстік Қазақстанда көктемгі егіс науқаны басталды

306 рет
көрсетілді

Петропавл. 18 мамыр. Солтүстік Қазақстанда көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen тілшісі хабарлады. Биыл өңір диқандары 4 миллион 366 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын егуді жоспарлап отыр. «Қазіргі уақытта 400 мыңнан астам егістік танаптарға тұқым сіңірілді. 3 миллион 210 мың гектар жерді дәнді дақылдар, 469,7 мың гектарды майлық дақылдар құрайды. Күздік дақылдардың аумағы 47 мың гектарға ұлғайтылды. Тұқым жеткілікті. Көктемгі дала жұмыстарына жоғары өнімді 1140 техника бірлігі жұмылдырылған», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров. Оның айтуынша, облыс шаруаларында жанар-жағармай материалдарымен байланысты ешқандай мәселе жоқ. Барлығы 65 мыңнан астам дизель отыны жеткізілген. Агроқұрылымдар жауапты науқанды агротехникалық шараларға сәйкес 5 маусымға дейін аяқтауды белгілеп отыр. Өмір Есқали. Дерек, фото: Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.